Өлеңдер ✍️

  15.05.2021
  292


Автор: Роза Сейілхан

БАҒАЛАМАДЫҢ

(Әні бар)
Білмеймін,
Күн кешемін қайда барып,
Жанымды ұқпағаның
Айдан анық,
Еріксіз мені өзіңе
Тарта бердің,
Көрінбес сезім жіпке,
Байлап алып.
Қайырмасы:
Бағаламадың, бағаламадың
қарамадың
жанымды, жараладың.
Гүл еккен көңіліме
Көктембісің,
Ұмыту қиын екен,
Өткенді шын.
Жолыңа қарайлаумен
Көзім талды-ай,
Қанаты талып ұшып
Жеткен құсым.
Қайырмасы. 
Төгіліп тереземе
Дір етті арай,
Санама кеткен ең ғой,
Түнеп талай.
Жақында жүргеніңмен,
Алыстасың.
Шыдайды бұған енді,
Жүрек қалай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу