Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  323


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Ақын сөзі...

Ақын сөзі ешқашан да өлмейді.
Шамшырақтар өлсем дағы сөнбейді
Бұл жалғанда шындықтан сыр ашайын,
Менің мүлде ғашық болғым келмейді.

Көңілімді шуақты күн емдейді.
Не деседе о десінші ел мейлі
Көзді сүзіп, қу сөзбенен жігіттің
Жүректерін ұрлай бергім келмейді.

Демеспін мен қауіп қатер төнбейді,
Жігітсымақ Қазағымда кем дейді.
Көшедегі шараналар есепсіз,
Сол жағдаят ойымды көп бөгейді.

Ар ұятпен таныстырсын ата анам
Бастау алсын шаңырағым батадан.
Тек аяғым ақ босаға аттасын
Келе жатқан салт дəстүрім атадан


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу