Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  454


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Таныстыру

Армысыздар, ардақты, асыл халқым
Ежелден сəлемдесу ата салтым
6 "А" ның атынан келіп тұрған
Сəлемін Шахарманның қабыл алғын

Мектебім алтын ұям, бесігім,
Білімдіге əркез ашық есігің
Гауһарайдай апайдан тəлім алып
Əр уақытта есте болар есімің

Əкем Серік барлығынан ақылды
Əділбайдың н емересі тартымды
Орыншадай əжем бар, анам Сара
Білетұғын ата дəстүр, салтыңды

"Көктем ару"  байқауы ақылдының
Бағалайды қазылар, ақын жырын
Өнерімді паш етуге мен де келдім
Шахарманның бағаларсыз батылдығын.

6 "А" сынып оқушысы
Адильбаева Шахарман Серікқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу