Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  201


Автор: Баубек Бұлқышев

Бал бөбек

Балбыраған балауса,
Ыстық жүрек — бал бөбек.
Нарттай қызыл бетіңнен.
Қуаныш нұры тамады.
Қара көзің күлімдеп,
Лениншіл, жас пионер!
Талабың сенің таңғалта.
Таудан асып көк тігер.
Жігерің сенің қылыштай,
Өткірлігі керемет.
Аспандағы ай мен күн
Саған, әне, қарап тұр.
«Жас арыстан бұл кім», — деп.
Сүйемін сені мен - дағы,
Өскеніңе інішегім!
Өйткені сенде, менде де,
Бір сара жол, бір тілек.

Май 1939 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу