Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  155


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қақпа есікті

− Қайыршы ма, кімсің өзін.?
Мазамды алма, қақпа есікті!
− Сен де орынсыз жаппа есікті,
Тастау керек кесірлікті.
− Айтшы әуелі аты-жөніңді
Атым қарттық - жолаушымын.
− Аулақ онда біздің үйден,
Күткен емен тонаушыны.
− Аш тезірек есігіңді,
Әуреленбе босқа, шырақ.
Жаратпаймын кешігуді,
Жұмысым көп, жолым жырақ...
Қирата ма есікті бұл,
Неткен өжет антұрған шал!
Кетті менен қайрат, амал...
Сарочка, өзің сақтанып қал!

1955




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу