Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  223


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жамал

Қара көз - қазақ қызы аты Жамал,
Өрнектеп кестелейді ақ орамал.
Ой кеткен майдандағы ғашық жарға
Сезбейді тамған жасын орамалға.
Кестелеп ақ жібекке түсірді гүл,
Гүліне отыр қонып мұңды бұлбұл.
Қонғандай жүрегіне Жамал әні,
Оның да бар сияқты сағынғаны.

1942




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу