Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  166


Автор: Әбділда Тәжібаев

Көрсін ол

Нәресте талпынып тұрды ғой бесіктен,
Сен оны қайтадан бесікке байлама.
Көрсін ол дүниенің кеңдігін есіктен,
Ұмтылсын еңбектеп жарыққа жайнаған.
Бассын ол тақыр мен тастарды, шөптерді
Құлар деп, жылар деп сен оған қиналма.
Кетпесін айналып жан күйттер ептіге
Әзірле қазірден күйреуге, қирауға.
Мейлі ол құласын, мейлі ол жыласын,
Үйренсін өзінің көз жасын ішіп те.
Көрсін ол биікке құс болып ұшып та,
Көрсін ол қатерлі тереңге түсіп те.
Білсін ол неліктен суығын ақ қардың,
Білсін ол неліктен ыстығын оттардың.
Білсін ол қайғысын күрсінген қарттардың
Білсін ол құдіретін қып-қызыл жас қанның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу