Өлеңдер ✍️

  05.05.2021
  158


Автор: Әбділда Тәжібаев

Төрт жолдар

***
Қаншама биік ұшқанмен
Қонбассың қалай ұяңа?
Қаншама құшақ ашқанмен,
Дүние түгел сия ма?
***
Көңілге дәрмен береді,
Сүйген жар, туған перзентің.
Достың да көп қой көмегі,
Оларсыз адам бір жетім.
***
Тілің қанжар, кеудең көрік болса да,
Басыңа кеп өшпес дәулет қонса да,
Бишарасың сүйер жарың болмаса,
Бишарасың сенер жаның болмаса,
***
Болса ісің қиын-ақ,
Болдырған ісің бұйым - ақ.
Жадырап, жайнап жүресің
Жаныңа шаттық жиып ап.
***
Сескенем кәзір күзден мен,
Сескенем сұрғылт түздерден.
Көбірек жүргім келеді,
Жаздағы жылы іздермен.
***
Күзгі жауын суықтау,
Жазғы жауын жылы еді.
Қар да жауар жуықта,
Мұздай берер күн енді.
Мұз болшы, қатыршы қанымды,
Тырп етпей қасыңда қатайын.
От болшы, күйдірші жанымды,
Күлің боп қасыңда жатайың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу