Өлеңдер ✍️

  05.05.2021
  933


Ардагерлерге арнау

Еске түссе сол қасірет сол жылдар,
Жүректерді дірілдетіп ой салар.
Бойласақ тереңдетіп түбіне,
Ашылмаған сырлар жатыр бұл сөзде.

Қанды шайқас есте әлі бәрі де,
Батырлардың даңқты ісі әр жерде.
Аманаттап армандарын ақ таңға,
Кетті ұшып ақ арманның жолында.

Қан майданның жарасы әлі жүректе,
Біледі жұрт таниды оны әр кезде.
Айналған ақиқаттың туына,
Қаһармандар,батырларым әлбете.

Аналарым айырылды ұлынан,
Аруларым айырылды жарынан.
Қанша жанды жетім қылып өсірді,
Қасіретті соғыс сөздің зардабы.

Айырылса да талай батыр ұлдардан,
Кездессе де талай қиын сындарға.
Сенімменен,үмітпенен күтетін,
Естілетін асқақ жеңіс ұраның.

Міне,атты азаттықтың ақ таңы,
Ұмытпайды мәңгі еске алады.
Ерлікпенен қаза тапқан шайқаста,
Батырлардың ерен ісі жырланды.

Жас ұрпағым,жас буыным қарайла,
Өткен шаққа тарихтың терең қойнына.
Кешегі өткен дүлдүлдердің ер ісін,
Ерліктерін дәріптейтін сен ғана.

Сыйла оларды құрметтеп шыңға теңеп,
Жырлар жазшы арыстанға оңы теңеп.
Шалқып жүрген осы күннің арқасы,
Қаһармандар,ардагерлер еңбегі.

Оңайлықпен келді деме осы күн,
Қан төгіліп жаста ақты көзден мың.
Ардагерлер аман жүрші әр кезде,
Айналған жеңіс тойдың себебіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу