03.05.2021
  240


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

ЖЕДІҢ ҒОЙ КІСІ ҚАҚЫСЫН

Ертеде қайсыбір шопандар өзара келісіп жеке адамдардың ұсақ малдарын отарына қосып ағып береді екен. Бірақ алуға барғанда сол малдарын бермей «Су аяғы - құрдымға» жіберетіндер де кездесіпті.
Сағидың да сондай шопандарға тап болғаны мына шумақтарынан байқалады:
Қанағат етіп барыңды.
Көрінбедің жағымды.
Әдей іздеп барғанда,
Ағайын - ілік едің де,
Құдайдай саған сенддім де.
Ойымнан бірақ шықпадың,
Естісін мұны ел, міне.
Ұнамады бұл ісің,
Жедің ғой кісі қақысын.
Көпсіңсен егер алғысты,
Аларсың көптің қарғысын.
Қарамадың ұятқа,
Атсын сені аруақ та.
«Олжаңды» жұмса дәріге.
Ұшырап үлкен сырқатқа.
Жақпасын осы қылығың,
Тар екен ғой ұғымың,
Аяққа бастың арыңды.
Қызықсыз өтсін ғүмырың.
Бірі бол, қарғыс атқанның,
Бұйырмасын тапқаның.
Ахиретке барғанда,
Азап болсын тартқаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу