Сағи Әбілхасенұлы

1936 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданының Шеген ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Қазақ тілі мен әдебиетінің маманы.

Еңбек жолын Шеген ауылындағы Амангелді орта мектебінен бастаған ол ұзақ жылдар Жангелдин ауданының «Жаңа Өмір», Торғай облысының «Торғай Таңы» газеттерінде және Қостанай облыстық «Қостанай Таңы» газетінің Жангелдин ауданы бойынша меншкті тілішісі болып қызмет істеді.

Әр жылдары орталық және облыстық баспадан шыққан «Көңіл құсы», «Таң қаласың», «Шарапат», «Ізет», «Байпақ сот», «Сағидің сықақтары», «Ұлағат» және «Таңатқан палуан» кітаптарының авторы. Тобыл-Торғай өңірінде шығармашылық еңбегі жоғары бағаланып, 2012 жылы Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері атанды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сағи Әбілхасенұлының әдеби туындылары республикалық, облыстық газет-журналдарды жарияланып келеді.
Қарт журналист Сағи Әбілхансенұлы Торғайдың төбе биі атанған Мұсаұлы Шеген бидің өмір-тарихын, шешендік өнерін зерттеумен және жеке жәдігерлерін жинақтау жұмысымен айналысып, «Станса» ауылына Шеген би атын беру жөнінде бастама көтергендердің бірі.
Сағи Әбілхасенұлының арғы аталары Кіші жүз руы Керейіт атақты әулие Мүсірәлі әзиз софының ұрпағы Мұхаммедназар мен Атолла Тосында Шеген бидің қарамағында молда болып, Тосын болысында бала оқытқан, жұртты имандылыққа ұйытып, мұсылман дінін орнықтыруда қызмет атқарды. Қарт журналист осыдан үш жыл бұрын Қостанай қаласындағы облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейге Шеген бидің қаусырма жиегі алтын түстес сары жіппен көмкерілген шапанын тапсырды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: