Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  495


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Туған күнің құтты болсын балам

Туған күнің құтты болсын,


Армандарың асқақ болсын.


Әрбір ойдың бағасы боп,


Даналығың арта берсін.


            Текті жердің тұқымысың,


            Билік айтқан Абылайдың заманыңда.


            Сегіз бидің семіз биі атанған,


            Байдалы би ұрпағысың.


Нұрмұхамед есіміңді,


Ата, әжең қойып кетті.


Мұхамедтің үмбеті деп,


Әулетінің тірегі деп.


            Болашағын зор болсын деп,


            Тілейтінім денсаулық.


            Бақыт, ырзық, қуаныш серігің боп.


            Өмір жасың ұзақ болсын.


Еліміздің сұлтаны бол,


Ел қадірлей білетін.


Арулардың арманы бол,


Үміттеніп жүретін.


            Айдын көлдін толқынындай,


            Еркелете білетін.


            Сұлулардың аялайтын,


            Еркесі бол.


Басыңдағы кигенің бөрік болсын,


Үстіңдегі құндыз ішік болсын.


Астыңдағы көлігің жүйрік болып,


Қалтаң толған еуро мен доллар болсын!


            Арта берсін,


            Жомарттығың халқыңа,


            Ағайынға-бауырға,


            Дос-жаранға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу