Өлеңдер ✍️

  01.04.2021
  314


Автор: Олжас Сүлейменов

Ақымақ айтты демесең

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп
Айта алмаймын ертеңіңе сенем деп.
Ана сүті арамдыққа суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Жарым менің – жарым болмай аңсаған,
Жерім менің –көрім болса қаусаған,
Бар антымды, бар сертімді мансұқ қып,
Көз қиығын салар ме едім мен саған.
Мен де көне – сен ескірсең, көнерсің,
Мен де көкпін, - сен гулдесең, көгерсең.
Кемпір болса, шал боп жетем мен саған,
Мен – ширекпін, жарты болсаң егер сен.
Таңда – таңмын, ал бесінде – бесінмін,
Мешіндердің арасында – мешінмін,
Күнде – кунмін, түнде – түнмін, Айда – аймын,
Кеш болды ма – мен сенің кешіңмін.
Деме маған өлгеннен соң жұмақ тұр,
Артық одан жанымдағы бұлақ бір.
Ақиқатын айтар болса данышпан,
Ақымақтың да былшылына құлақ түр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу