Өлеңдер ✍️

  23.03.2021
  614


Автор: Ермек Өтетілеуов

Алтай

Шығыста асқар аймағым –
Асыл Алтай, ер Алтай.
Жасыл теңіз – Тайганың
Сыңсып тұрған төрі – Алтай.
Май қарағай, шыршалар
Бөктерімен өрмелер.
Мойыл, бүрген, аршалар
Самал желмен тербелер.
Қар мұнартқан биікте
Аязына қарамай,
Бағалы ағаш мүлікке –
Өсер сағызқарағай.
Қойнауында жарқырар
Зайсаны мен Марқакөл,
Өзен, бұлақ сарқырар,
Асып талай қырқа, бел.
Білгін Мұзтау екенін,
Орманы оның –
Аюдың,
Қабан, Марал мекені,
Шығыста асқар аймағым –
Асыл Алтай, өр Алтай,
Бұзылмаған қаймағы
Орман көлдің төрі – Алтай.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу