10.06.2024
  382


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 10 бөлім

Жұмысымда отырып көзім ілініп кетіпті әлдекімнің туфлиі тықылдаған дыбысқа елеңдеп ояндым. Қарасам баяғы таныс келіншек , жігітімнің туысқаны.
Бұл қайдан келе қалды жоғалып кетіп еді ғой деп таңдана қарадым.
- Қалайсың құрбым , көптен бері хабарласа алмай кеттік қой , - дейді қолын созып.
Салқын ғана амандасып орнымнан тұрдым.
Ол болса жалбақтап алып ананы мынаны сұрап жатыр.
- Тойға дайындықты бастадыңдар ма , жігітің кредит аламын деп жүгіріп жүрген , үйі қаңырап бос қалды. Енді үйленуі керек. Өлетін адам өлді , өлгеннің соңынан өлмек жоқ деген , - деп шұбырта сөйледі.
Бұл осылай алдын ала келіп кетеді. Жігітім жайлы біраз әңгіме айтады. Енді жігітім келеді. Соңғы үш төрт айда осыны байқадым. Жоғалып кетіп қайта пайда боларда алдын ала мына құрбым келеді. Содан соң оның өзі бас сұғады.
Сонда деймін да , өзі тікелей келсе болмай ма ? Жалпы бұл екеуі өздері айтқандай нағашылы жиендер ма әлде бай мен қатын ба түсінбедім. Мына заманда түрлі түрлі сұмдықтар бар сенбеске амалың жоқ.
Байын альфонс қып қойған қатындар бар , қатынын көңілдесқып қойған еркектер бар . Әрине , сіздің құлағыңызға түрпідей тиіп жағаңызды ұстарсыз. Бірақ, ондайлар бар.
Қазіргі қазақ қоғамы қаптаған былық.
Жасы қырыққа келген жатып ішер жалқау жігіт келіншегін әлдебір дөкеймен көңілдес еткен. Ол дөкей кім десеңіздер өзінің туысқан жақыны , бұл аз ба ?
Соңында қорлыққа шыдамаған сол келіншек арам байын өлтіріп түрмеге барды. Өйткені байы , өзінің дөкей ағасын шантаж жасап " келіншегімді зорлады " деп бәленбай ақша сұраған , әлде сұрап үлгермеген бе , нақты білмеймін. Сонда абыройын ойлаған келіншек ұйқыда жатқан байын балталап тастаған.
Адам өлімі болған соң белгілі , байғұс бес жылды арқалап бізге барды. Әрі қарай , авторитет көкжал қатынның қолына түсіп қолжаулығы болды.
Сырттай қарасаң " адам өлтірді " дегенге жалпы сол келіншекті адам өлтірді дегенге ешкім сенбейді.
Бірақ бұл ақиқат , бұл сотта дәлелденген қылмыс.
Мұндайларды айта берсем көп қой сол түрмеге әйел затының бармағанын тілеймін.
Қайталап айтамын " особый - аса қауіпті " деген түрме мына алаяқтар мен жемқорлар отыратын түрме емес , біздің түрмемен салыстырсаң олар отырған түрмені " жұмақ " дерсің.
Сондай түрменің тағы бір сұмдығын ашайын.
О баста әлгі келіншектің үстінде біраз талас болды , тіпті қан жоса қырғын болды. Оныңыз бірнеше аптаға созылып барып әрең басылды. Сол аралықта біздің түрмеде күнде " разборка " болатын. Соңында паханшадан үкім шығып , түрмеде " көкжал " деген лақап аты бар Семейлік келіншекке бұйырды. Яғни, соның жекеменшік олжасына айналды. Мұндайларды айта берсем көп қой әріге бармай ақ қояйын ...
- Өзі қайда , өзі неге хабарсыз кетті , - деп сұрадым қатқыл дауыспен.
- Айттым емес пе құрбым , ол кредит деп жүгіріп жүр , чо та сен қамсыз көрінесің ғой әлде тұрмысқа шықпайсың ба , - дейді.
Бұл менің өткендегі сұмдықтан соң басым қатып миым ашып жүрген кез еді :
- Еркек қой айтатыны болса өзі келіп айтсын , сен араласпашы , - деп айтып салдым.
Құрбымның басы салбырап телефонына үңілген боп қалды.
Мұндайда не ойлайын миым жарты әлемді шарлап кетті.
Апыр-ай деймін , не болса да осы қыздың сөздері рас болғай деймін. Өйткені , отызға біраз бар десем де бай керек қой құрсын.
Бірақ өткен жолы қаша жөнелгені несі , еркек емес пе ? Менің " жігітімді " көріп зытып кетті онысы несі екен деп ойға шомып отырсам ;
- Жарайды құрбым көңіл күйің жоқ сияқты мен қайтайын бір жерге баруым керек , - деген қыз есікке қарай беттей берді.
- Аман бол , нағашыңа сәлем айт , - деп сыртқа дейін шығарып салдым.
Су жаңа көлігін от алдырып кете барды.
Қарасы батқанша біразға дейін соңынан қарап тұрдым.
Рас қой , бұл қыз кедей кепшіктің қызы емес. Мынандай тұлпарды анау мынау қазақ қызы тізгіндей алмайды. Әлде мұның менің әкеммен шатысы бар ма ?
Әйтеуір хал сұрап шыр айналшықтап алды , мүмкін бірдеңесі бар шығар ?
Дегенмен " жігітім " айтқан он күн өткенше ешкімге сыр бермеу керекпін , кеңірдегіме пышақ тақап тұрып құлағыма құйып жіберді ғой.
Алайда , адамның жанын адам алу дегенің оңай емес , ол да артын ойлаған шығар , оны мен де түсінемін? Тапсырыспен келіп басқаны өлтіріп барса , өзін түрме заңы кешірмейді. Заказға түрме басшылығының қатысы болған соң " артымыз ашылып қалмасын " деп бір түнде көзін құртады. Біле білсеңіздер , түрмеге тік аяқта кетіп табытпен оралғандардың көбі сондай құпия жағдайда өлетіндер , не істесе де олардың қолдарында. Бұйрық түсті тапсырма орындалды деген сөз. Сонан соң өлім қағазыңда " туберкулёзник " деп тұрса таң қалмаңыз. Мына заманның " былығы мен бұзығы " көп. Оны көп адам біле бермейді.
Сонымен құрбыма қаттырақ дауыс көтердім емес пе , бұл да менен безіп кетті.
Тойға дайындық үстінде деген жігіттің де қарасы батты. Осыдан кейін мен бейбақ онан әрі қорқа бастадым.
Өйткені , той үстінде менің әкеме қастандық жасалатындай болды да тұрды.
Қайран әкешім менің , жалғыз қызыңның қуанышын көру бұйырмай ма саған ?
Әрі - бері ойланып шақшадай басым шарадай болды.
Анау албасты да зым зия еді , оған өзім жазуға намысым жібермеді.
Сөйтіп жүргенде тағы да бір күн өте шықты.
" Жігітімнің " жауабын күтіп тағат таппадым.
Бірақ алты айға келген оның да асықпайтынын сезіп жүрдім. Сонда өз ойымша есептеп қарасам , қастандық мерзімі келесі жылдың Наурызына тұспа тұс келеді.
Әрине , келісім бойынша оған алты айдың ішінде тапсырманы орындаса болды , ешкім үндемейді. Тар қапастан шыққан соң несіне асықсын , бостандықта жүре тұрмай ма ? Өйткені құрбандықтың көзін құртқан күні ол түрмеге қайтып баруы тиіс. Олар үшін бостандық дегенің жұмақ ! Түрмедей тозақта жүргенше жұмақта жүргенге не жетсін , тек , оғаш қылық жасап көзге түспесе болды ? Ақшасын , пәтерін , ішіп - жем , киім-кешегіне дейін заказчик төлейді , басқа не қайғы бар ?
Сол үшін менің " жігітім " мерзімі бітуге таяғанда ғана қозғалады , оған дейін көңіл көтеріп жүре береді.
Бір сөзбен айтқанда бүгінгі күнім де селсоқ өтті , әйтеуір күйбеңдеп жүрдім де қойдым.
Құрсын " он күннен соң " деп еді сонда қандай шешім қабылдайды екен ?
" Әкеңді өлтіремін " дей ме , әлде басқа ұсыныс айта ма ?
Мүмкін , әкеңе ұқсаған адам тап , әкемнің орнына соны ...
Жооқ ойбай , жазықсыз біреудің қанын мойныма жүктеп не керек ? Онсыз да мойнымдағы қан аз ба еді ?
Ондай ұсынысқа ешқашан келіспеймін.
Оған төбедегі Құдайдан қорқамын. Қатты қорыққанымнан сол түні не айтқанын да жөнді ұға алмадым. Есімде қалғаны бұрымымнан тартып суық пышақты тамағыма тақағаны ғана. Ол да менің өзімнен болды ғой , сөмкеме пышақ салып нем бар еді.
Анау перде құрығырды тартып жұлып алдым , не деуші еді әлгі карниз дей ме , алайда , көтеріп үлгермедім шашымнан тартып шалқамнан түсірді. Әрі қарай аяқ қолымнан жан кетіп басымды изей бердім.
- Мен сенің қандай оймен келгеніңді үрей ұшқан көзіңнен білдім , енді дымыңды шығармай айтқанымды тыңдап ал , - деп жауырыныма мініп алды ғой.
- Тыңдаймын жаным тыңдаймын , бәрі сіздің айтқаныңыздай болсын , мені кешіріңізші, - деп жалаңаш санын сипап жалына бердім.
Жалынбай көрші , жалаңдаған пышақ қос анарымның арасын сызып келіп тамағыма тақалды.
Сол бар ғой , мен таппаған пышақты қалай тапты екен деп таң қалып отырсам , пышақтың орнынан шашына тағатын заколкасын тастап кеп жіберген екен. Онысы " тарс " деп жерге түскенде мен сорлы пышақ түсті деп ойлаппын. Ол болса " душқа кеттім " деп өзімен бірге менің пышағымды ала кеткен. Әрі қарай белгілі , іздейтінімді біліп тың - тыңдап түрған. Содан мен әуре боп тоңқаңдап жатқанда пышақты жалаңдатып шыға келді. Тұра ұмтылып карнизді жұлып алмақшы болдым ау , алайда , тым жақындап қалғанда үлгермейтінімді біліп басымды бұға бердім. Онан соңғысы міне " он күннің ішінде бір шешім қабылдаймын , қабыл аласың " деп шарт қойды.
Бірақ , бірақ іс насырға шауып ушығып өз өміріне қауіп төнбесе ол мені өлтіре алмайды. Тап осы сөзді көзінен от шашып тұрып айтты , өз аузымен айтты , қатаң ескертіп айтты.
Ал оны мен өлтіретін болсам , онда менің жер бетіндегі ғұмырым бітті деген сөз. Оның сырын білетін боларсыздар " түрме авторитетін " өлтірдің деген сөз , өз өміріңе өзің балта шапқанмен бірдей. Оларды өлтіру түгілі түртуге болмайды , түртсең түрмеден үкіміңді шығарады. Жан дегенің тәтті шіркін , жан кімге керек емес ?
Бірақ , бір сөзбен айтқанда ол да маған ештеңе істей алмайды , мен де оған ештеңе істей алмаймын. Демек , он күннен кейін қандай ұсыныс айтса да қабылдауға мәжбүрмін.
Осылайша
"не айтады "деп басым қатып жүргенде бизнесім де кері кете бастады.
Әйтпесе тойдың сезоны , жылда клиент қарасы үзілмейтін кез еді. Шынымды айтсам , анау екі қыз бен бір жігіттің қанша адамның шашын қиғаны да есімде жоқ. Өзім аласұрып жүріп қадағалауды да қойғанмын. Сонан болар , табысым азайып ішкенім ірің , жегенім желім боп жүріп соңғы күнді күттім.
Дүниеде осы күткен жаман , мұндайда минутың сағатқа сағатың тәулікке созылады. Әттең , ақ фатамен тұратын тойымды күткенімде ғой , уақыт дегенің зымырап өте шығар ма еді ?
Алайда күткен бөлек , бойыңды билеген үрей қорқынышың бір бөлек.
Сүлдерімді сүйреп жүріп бүгінгі таңды атырдым. Тіпті көз шырымын алдым ба жоқ па білмеймін әйтеуір айналаға жарық түсті. Әдеттегідей емес , әп сәтте жуынып шайынып жұмысыма тарттым.
Кеш қалғанмын ба білмеймін екі қыз екі келіншектің шашып қиып жуып , макияж жасап бастапты.
Амандасқан болып басымды сұқтым.
Олар үшін мен бастықпын ғой , оның үстіне екеуінің де жастары менен кіші жалбақтап хал сұрап жатыр.
Әрі қарай өз бөлмеме кіріп сұлық түсіп отыра кеттім. Қайран көңілім ала құла боп , аласұрып отырмын. Жүрек құрғырымның қағысы тіпті бөлек , бұл мені " қайда шақырады " деймін. Мүмкін , жеке пәтерге шақырып шыбын жанымды шырқыратып тұрып бауыздай ма екен ?
Анау жігіттердің соңғысын мен де тап солай бауыздап едім , ол есіме түскенде денем түршігіп дірілдеп кетті.
Өйткені " біреудің қаны біреуді жібермейді " деген бар , сол жігітті соймасам да болар еді.
Әу баста сотталғанымның да басты факторы сол жігіт. Удай мас боп жатқан жігітті өлтіргенім үшін , адвокаттарымның " өзін өзі қорғады " дегенімен сот келіспей үкім кесіп жіберді.
Бәлкім , мынау маған жеткен карма болар ?
Мен сорлы өзімнен өзім үрейленіп отырғанымда вацабым шиқылдап берді.
Селт етіп барып ашып қарадым.
" Амансың ба өзің , қалайсың " дейді.
" Мен аман есенмін , өзіңіз қалайсыз " деп хал сұрап зыпылдап бердім.
" Менде бәрі жақсы " дейді.
Мен сонда қорыққанымды білдірмейін деп " қайдасыз , қашан келесіз " деп сұрағанымда :
" Мен осындамын " деп дүңк еткізді.
Сол жерде орнымнан атып тұрғанымды білмей қалдым. Тіпті астымдағы жұмсақ креслом шалқалап барып құлауға шақ қалды. Ә дегеннен тұла бойым суық тартып қол аяғымнан жан кетті.
Содан есеңгіреп барып жалт бұрылып үстел үстінде жатқан телефоныма қарадым.
" Жігітім " әлденені печатает дейді. Мұнысы енді біразға созылды. Тағатсыздана күтіп қақшиып тұрмын. Әне әне , шыңқ деп барып жазғаны келді.
" Өткенде қатты ренжіген сияқтысың есіктен бір қарап кете бардың ғой жаным " дейді.
" Ойбай сіз қайдасыз " деппін сасқанымнан.
" Мен осындамын , мұнда әдемі бір сіңлім макияж жасап жатыр " дейді.
Табанымды тықылдатып жетіп бардым.
Қарасам менің жігітім шалқалап жатыр , Индира деген мастерім бетін сипап әрлеп отыр. Мойнымды созғанымнан басын бұрып күлімдей қарады.
- Индира бар бара бер , бұл апайды мен өзім ... деп мастерімді иығынан түрттім.
Айтқанымды екі қылмайтын қыз тұрып кете барды. Мен болсам кеуде тұсы ашық шашық жатқан
" жігітіме " жақындай бердім. Білмеймін , бұл менің қорқынышым. ба , әлде қызғанышым ба еді ...
( оныншы бөлімінің соңы , жалғасы бар )



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу