07.06.2024
  204


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 5 бөлім

Сол жылы қыркүйекте " үйленеміз" деп жігітіммен уәделесіп алған соң , ешкімге айтпастан мен өзім іштей дайындалып жүрдім. Мұндайда білесіздер ғой қыз дегеннің ойы ұшан теңіз болады. Ақ фатамен тойда тұрсаң , қолыңда бір құшақ гүл , құрбыларыңа оны лақтырсаң. Жанында жақсы көретін жігітің қолыңнан ұстап тұрса , той жарыдан ауғанда екеуің құшақтасып вальс билесең.
Бұл дегенің Ғанибет те , керемет емес пе ?
Мұндайды армандамайтын қыз жоқ, сірә ?
Міне , осыны армандап жүргенде мамыр айы бітті. Содан маусымның ортасына келіп, салонның жұмыстары басылып қолым босағандай болды.
Осы аралықта үш - төрт рет жігітім келіп кетті. Күтіп алып күйбеңдеп сабылып жүрдім.
- Ақша керек боп тұр , анау докторлардың қолдарына бергім келеді , - дейді.
- Ол деген тегін ғой , - деппін , аузыма түскені осы болды.
- Тегініне тегін ғой, бірақ " қалталарыңа саламын " деп уәде беріп едім , енді қылқылдап жүр , - дейді.
- Анаң қандай, жақсы болды ма , -десем :
- Жақсы болғаннан соң ғой бергім келіп отырғаны , - дейді.
Қысқасы басын төмен салып қипақтап отырған жігітімді қимадым. Анасы үшін кім жүгірмейді дейсің деп:
- Анаңа мені апарсаң , таныссам , - деймін дедім.
- Сол үйге шығару үшін ақша керек боп тұр ғой , - дейді .
Негізі " доктор мен полицияға ісің түспесін " деп бекерге айтпайды ғой.
Біздің елде , өлсең өлгенің үшін моргке де ақша төлейсің , әйтпесе өлігіңді бермей жүріп алады. Сонан соң өлмеу үшін тағы да төлейсің , қысқасы қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген осы. Әсіресе, біздің аймақта доктордың қалтасына ақша тықпасаң тұяғын қозғалтпайды, өлсең өмірем қап.
Әйтпесе порталмен барасың , оны Өкімет төлеп береді тегін ем алуың керек !
Сонда да сылбыр басып жүріп , ақша дәметеді. Бұл сорлылар Гиппократтың антын да жұлмалап бітті , қит етсе " ақша " деп алақандарын жаяды.
- Сонда қанша керек болып тұр , - деп сұрадым ау мен сорлы
- Мың доллар , - дейді саспастан.
Сіздерге түсінікті болу үшін айта кетейін, басында біраз сыңсып қипақтап отырды.
Аса қатты ақша керек боп тұрғандай , бірақ сұрай алмай отырғандай күмілжіген кейіпке түсті.
Онан соң осы ретте анасын шығарып алса , біздің тойымызға ешқандай кедергі болмайтынын айтты.
Міне тап осы сөзі тағы да маған үміт сыйлады.
Өзім бірнеше жігіттен қалған тесік болсам , мынандай жігіт келіп " үйленеміз " деп тұрса аянып қалғаным дұрыс па ?
Өйткені , құрбыларымның бәрі кетіп болды , олардың балаларының алды мектепке барды , менің жүрісім мынау, әкем мен анамның бетіне сын.
Соңғы кездері анам да құлағыма сыбырлайтынды шығара бастады.
Әйтеуір есіл дертімнің бәрі " осы жігітке тиіп алсам " деп ойлаумен болды.
- Тойымызға деп жинап жүрген ақшам бар , - деп айтып салдым.
- Тойдың бір мәнісі болар, анау докторлардан ұят , анамды қанша рет апардым ғой, бәрі таныс , көз көрген жігіттер. Айтып бола ма, анам тағы да ауырса қайда апарамын , - дейді.
Сөйтіп отырғанда Құдай ау көз алдымда телефоны безілдеп берді.
" Алло доктор, алло " деген жігітім тұтқаны көтеріп тұра қашты.
Содан анау жерге барып біраз шүйіркелесіп келіп:
- Жан , мен кеттім , достарыма барып қарызға ақша сұрап көрейін , - деп көлігінің кілтін ала берді.
Мен сорлы сонда :
- Тоқташ жаным , тұра тұршы , -деп қалай айтқанымды білмей қалдым.
- Ау жаным , - деген жігітім жалт қарады.
- Қазір міне деп кабинетіме кіріп сөмкемнен тоғыз жүз доллар әкеліп қолына ұстаттым.
Сорлысың десейші, теңге де емес шықырлаған доллар ғой сонда.
Ол енді көз алдымда әлдебір докторға қоңырау соғып:
- Сәке , Алла қаласа түс қайта жеткіземін ақша таптым, таптым , - деп қуанышпен айтып жатты.
- Жан , Сәке дегенің еркек емес пе , анау әйелдің дауысы ғой , - деппін.
Себебі, арғы жақтан " алло " деген қыздың даусы шыққандай болды.
- Сәке дегенім Сәкен деген доктор ғой , түс кезі болған соң үйінде екен , сол үшін тұтқаны жеңгей көтерді , - дейді.
- Бәсеее , - дегенімше болмады , бұл мені құшақтап көтеріп алды.
Содан ішкі кабинетке апарып үстел үстіне атып ұрып, киімдерімді шеше бастады.
- Қойшы жаным, кешке келерсің , мұнда біреу-жарым келіп қалар , есік ашық тұр , - деп айтуға ғана шамам келді.
Алайда жігітім оны тыңдасын ба , ішкиімімді шешіп лақтырып , екі аяғымның ортасына киліге берді. Содан соң әне - міне дегенше асай сайманы сай салама бойлап тереңге кетті. Мұндайдан кейін белгілі екеуміз бір ырғаққа түсіп алып шайқала бастадық.
Сұмдық дерсің , ұятта болса айтайын мұның да өзіндік лаззаты бар , бойым балқып талықси бердім. Кеудесін сипап ерніне жабыстым.
Әсіресе, астымыздағы үстелдің сықыры біздің үнімізге үн қосып сиқыр сезім баурап алды.
Негізі мұндай күй менде талай болған, бірақ жасанды жолмен түрмеде болған.
Дегенмен, ол үстел темірден жасалған сес шығармаған болса , мынау ағаштан жасалған, мұның сықыры да сиқыры да басқаша еді.
Мен сонда есімнен танып барып сұлық түстім. Ышқырын көтеріп әжетханаға кірген жігітім бұтын шайып шықты.
- Кешке тағы келші жаным , - деп сыбырлап үздігіп жаттым.
- Иә жаным , келсем де кешірек келетін шығармын , қазірше мына ақшаны докторға беріп , мамамды үйге шығарып сорпа жасап берейін , - деген жігітім ернімнен шөп еткізіп сүйді де кете барды.
Қарныма құйған шауһатын сүртіп қала бердім. Арадан бір шама уақыт өтті ,терезенің алдынан аяғы тысырлап әлдекім өткенде ғана ес жидым.
Әбүйір болғанда есіктен басын сұққаны болмаса әлгі адам ішке кірмей кете барды.
Содан киімдерімді жөнге келтіріп мең зең күйде біраз отырдым.
Қайтейін , еркек дегендердің осындай кереметтері болатыны жасырын емес қой.
Сонда отырып анау түрмедегі келіншек есіме түсті.
Бір күні таңғы тексерістен кейін , ас үстеліме сол келіншек жақындап;
- Заказға " салон " келе жатыр , қай жеріңе тату соғасың , - деп сұрады.
Жалпы мен оның " тату " дегенін түсінсем де " салон " дегенін түсінбей қалып қайта сұрадым.
- Салон деп жаным , татуаж сызатын қыздарды айтады , біз ақша төлейміз олар өздері кіріп соғып беріп кетеді , - дейді.
- Маған татуаж керек емес , - деппін қасығымды қоя салып.
- Неге керек емес , от звонкасың ғой , - деп дүңк еткізді.
- Мен қазақтың қызымын ұят болар , - деп айта бергенім сол еді:
- Ну что , мен де қазақтың қызымын, онда тұрған не бар ? Корочи , түс қайта кубигіңе бір қыз барады , омыртқаның астындағы құйымшағыңа әдемі гүл сызып береді , дайын бол , - деп отыра кетті.
Түрме заңы осы міне , бірақ , бұл еш жерде жазылмаған заңдардың бірі , мұнда " бір адам бәрі үшін , бәрі бір адам үшін " дейді.
Мұнда , көптен тыс жалғыз қалуға болмайды , көппен бірге Ұлы той көресің.
Өйткені , түрменің сыртындағы заң басқа болса ішіндегі заң басқа. Осы ішкі заң көбінше сырттағы заңға қарама қайшы келеді, сен осы заңға бағынасың , бітті.
Сол үшін көрінбейтін жерге соқса " мейлі " деп мойын болдым.
Айта кетейін мен отырған түрме " особый " түрме еді , мұны анау ақша ұрлаған ұрылар немесе алаяқ , жемқорлар отыратын түрмелермен салыстырмаңыздар.
Мұндағылар " ауыр қылмыс " жасағандар санатына кіреді.
Бұл түрмедегі кейбір әйелдердің қатыгездігін , еркек жасай алмайды , ондайлардың талайын көрдім.
Мына маған татуаж соқтырасың деп отырған келіншек осы түрмені билеп төстейтіннің бірі және де менің " жігітім ".
Әнеубір ерні домбалдай екеуіне қарағанда бұған да шүкір , бұл өзі өте әдемі жас келіншек. Аналармен қырқысып жүріп бұл мені тартып алды , басымды байлап алды.
Мен мұның жігітімін , бұл менің жігітім " типа " .
Қысқасы сол күні түс қайта салон келді.
" Жігітім " басымда тұрып жүздеген гүлдің арасынан әдемі бір гүлдің фотосын сыздырып берді. Әрине " адам өлтірген " деген символды сыздырмағанына рақмет дейсің. Түрмеде сызылған әрбір татуаждың өзінің ерекшелігі бар , соған қарап сенің қандай статьямен отырып шыққаныңды білетін болады. Дегенмен , сыртта жүрген кез - келген адам ондайды түсіне бермейді , оны түрме көргендер ғана түсініп , кім екеніңді анықтай алады.
Толықтай түйінін айтқанда , түрмеден келгендердін денесінде әртүрлі " наколкалары" болатыны содан!
Құдай-ай үстелден түсіп түрмеге кіріп кеттім бе , айтқым келгені басқа нәрсе.
Мен сорлы біраз отырып әкемнің ақшасының арқасында ерте шықтым ғой , сондағы менің " жігітім " қимай - қимай қалған еді. Өйткені бір емес бірнеше жыл бірге болдық , кәдімгідей бауыр басып қаласың.
Мұнда келген соң ойлаушы едім , ол жігітім " от звонка до звонка " отырар деп. Ал енді " от звонка до звонка " дегені сот қанша жыл кессе сонша жыл отыратындар, оларға қайырымдылық жасалмайды , олар амнистияға ілінбейді.
Сол жігітіме бірнеше рет ақша салғанмын. Ол маған " сағындым жаным " деп талай жазған. Соңғы үш айда хабарсыз кетіп құтылдым деп жүрсем, тап мына жігітіммен болып жатқанда хат келіпті.
Қайдан ғана есіме түсті десем , хабар бар екен ғой " мен шықтым , қонаққа барғым келеді " деп жазыпты.
Мұндайда шошымай көріңізші , әлдекім тас төбемнен суық су құйып жібергендей болды ?
" Өзім байға тиемін деп отырғанда , ол келіп басыма байлау бала ма " деп қорықтым.
Бір жағынан түрменің төріне жатқызып үстіме шыбын қондырмаған сол келіншекті көргім келсе , екінші жағынан бойымда да, ойымда да үрей пайда болды.
Оған мекен-жайыңды айттың не айтпадың не, табамын десе " әп - сәтте " жетіп келеді.
Осыны ойлаған мен бейбақ салонымның мекен-жайын айттым.
" Кешке барармын, қолың бос болса тап қазір қоңырау соқшы , даусыңды сағындым " деп жазды.
Мұндайда соқпай көріңіз , бұл келіншекті қаһарына мінгізбеу керек екенін білемін.
- Сағындым жаным , қатты сағындым өзіңді , - деп ә дегеннен есімді шығарды.
Білмеймін , мен сонда қорықтым ба әлде шынымен де аңсап отырдым ба :
- Мен де сізді сағындым , - деп айтып салдым.
Міне осы сөзім ол сорлының жыртық жүрегіне жамау болды ма әйтеуір , телефонда отырып біраз нәрсе айтты.
Енді мұның соңы белгілі , күн батқанда ол менің салоныма кіріп келді.
- Тым құлпырып ашылып кетіпсің жаным , - дейді құшақтап тұрып .
- Сіз де құлпырып кетіпсіз , - деп жалбақтап тығыла бердім.
- Түрмеден свободаға шыққан любой адам құлпырып кетеді ғой , - дейді құлағыма сыбырлап.
- Жеке басымнан сөйлейтін болсам , алдағы қыркүйек тойым болады , - деп айтып салдым.
- Дұрыс, дұрыс , дені дұрыс жігіт болса кеткенің жөн-ақ, бірақ ... дейді.
Сонда ғана түсіндім , оның менен айрылғысы жоқ сияқты.
- Бірақ болғанда , күйеуім ... , - деп міңгірлей бердім.
- Жарайды жаным , қалада қыз көп қой , - деген жігітім кофеден ұрттап қойып;
- Егер де , біреу-міреу тиісіп жүрсе маған айтасың ғой , - деп бір қайырды.
- Әрине , әрине , - деп құптай жөнелдім.
Шынымды айтсам мен мұның шапағатын көрдім ғой , осы келіншек болмағанда анау зонада қор болатын едім.
" Неге " десеңіздер айтайын , ол жерде еркек тұқым атымен жоқ , тек битін сығып құрғап жүрген қатындар ғана бар.
Тіпті " бүтін қыз " келсе өздері иемденіп " қатын" ғып алады, бірақ кім күшті сол алады. Мен сияқты жас қыздар , зонаңызда екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.
Сол үшін , ол сенің жігітің болады , сен оның жігіті боласың. Сонан соң басқалардан көз қарашығындай қорғап жүреді және де кез - келген " косягыңды " жауып береді. Ал тар қапасты түрмеде " косяксыз " өмір сүру мүмкін емес, тым болмаса сүйексіз тіліңнен табасың. Өйткені , жоғарыда айтқанымдай түрменің заңы тіпті басқа !
Түрмеде жәй ғана екінші біреудің қасығына саусағыңды тигізгеніңнің өзі үлкен " косяк " !
" Судың да сұрауы бар " дегендей үстел үстінде бос жатқан қасықты ала алмайсың. Оттық дегеніңіз де сондай , сүлгіңіз де сондай. Қысқасы , бір жағынан түрмеңіз сізге екінші біреуді сыйлауды , құрметтеуді үйретсе , екінші жағынан басқа да қитұрқыларды үйретеді.
Онда жатқандар өздерін " О дүниедегі тозақтықтармыз " деп санайды. О дүние емей немене , төрт қабырғадан шықпайсың.
Сонымен , түрме жайлы біраз сыр шертттім ғой, мен енді мына келіншекке оралайын.
- Сіздің де тұрмысқа шықсам деген ойыңыз жоқ па , - деп сұрадым.
- Қазірше жоқ , бірақ жігітім бар , - дейді.
Сол күні бұл менің салонымда біразға дейін отырып кетті.
Айтқан сөздерінен түсінгенім бұл өзі " әлдекімдердің " тапсырмасымен ерте босап шыққан көрінеді.
Неге тапсырмамен десеңіздер қылмыс әлемінің сіз білмейтін қыр - сыры көп. Соның бірі " тапсырыспен адам өлтірту ".
Ондайларды " ликвидатор торпедолар " деп атайды.
Бұл енді ұзақ сонар әңгіме , келесі бөлімдерде мүмкін ... біраз былықтың ұшын шығарармын. Қазірше өз күйігім өзімде қала тұрсын ...
( бесінші бөлімнің соңы , жалғасы бар )
#Құрметті менің оқырмандарым.
#телеграмканалыма тіркелу жалғасуда.
Егер сіз тіркелемін десеңіз мына вацап номерге немесе дайрекке жазсаңыздар болады. Қазірше дайын 8 канал бар , алдағы шілдеде 9-шы канал , ал қарашаның соңында 10-шы канал ашылады.
Ол жердегі әңгімелер инстаграмға жарияланбайды , өйткені , ересектерге арналған шым - шытырман " нетіп нететіндер "



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу