Эсселер ✍️

  05.06.2024
  92


Автор: Әділет органдары, заңгерлер күні

Заңгерлер күні

Қыркүйек айының 30-шы жұлдызында тойланатын Заңгерлер күні заң саласындағы аталмыш маман иелерінің күні ретінде еліміз үшін маңызы өте маңызды. Заңгерлер халықтың адамы, елдің арқа сүйер жанашыр жандары. Ақ пен қараны ажыратар, тергеу мен барлық істің ара жігін ажыратып беретін заң саласындағы қызметкерлер. Расында да олардың ел үшін деп жасап жатқан қызметьері еліміз үшін маңызы өте зор. Заң саласындағы барлық қызметкерлердің жылына 1 күн болса да өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтіп, жоғары деңгейде тойлауға құқылы деген ойдамын. Заңгерлер жайлы айтар болсақ, қандай жағдай болмасын, іс-шұжаттары болмасын бірінші болып осы заңгерлер қауымына баратынымыз анық. Заңгер арқылы біреуге хаттама берсе де, арыз, шағым беретін болса да барлығы да осы заңгерлерге (натариус) жүгінеді. Бес саусақ бірдей емес, Заңгерлердің де арасынан ақшаны сүйетін, ақша десе ішкен асын жерге қоятын құқық қорғаушылар бар. Олар үшін ақша бірінші орында тұрады. Ал біреудің ала жібін аттамайтын Заңгерлер өз істеріне аса ұқыптылықпен қарайды. Ондай заң саласының қызметкерлерді лдің сүйіспеншігіне бөленіп жүрген, халықтың адамы.
Дей тұрғанмен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Заң саласындағы жүрген барлық Әділет органдарының қызметкерлерін 30 қыркүйек, кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ел алдында мерейлеріңіз үстем болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу