Өлеңдер ✍️

  31.05.2024
  486


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Бағың жансын


Думанды күн шақырды,


Бар ағайын, жақынды.


Азан айтып қуанып,


Әкем қойған атынды.


 


Мен үшін жыр – гүлсің деп,


Жарық сәулем күнсің деп.


Нұрайым деп атады,     2- рет


Нұрға бөлеп тұрсын деп.


 


«Айым тусын оңынан»,


Бата-тілек  ағылды.


Ниет тілеп жолыңа,


Тәңір берсін бағыңды.


 


Екі етпеген сөзіңді,


Еркелетті өзіңді.


Дархандығы әкемнің,    2- рет


Мейірінен сезілді.


 


Артта қалып балалық,


Уақытпенен жаңарып.


Көз жүгірттің алысқа,


Бой жеткен қыз саналып.


 


Көптен биік өрең де,


Жақынсың жыр – өлеңге.


Қазағымның мұңды үнін,   2- рет


Жырлайтұғын тереңнен.


 


Білетін шын өз ісін,


Қиял жүйрік өзісің.


Бауырмалдық бойыңда,


Анамның дәл көзісің.


 


Талай қамал алатын,


Ақынға тән бар атың.


Өмір деген ізденіс,      2- рет


Талмасын еш қанатың.


 


Еңбегің көп елеулі,


Бақытқа жет кемелді.


Асқақтасын мерейің,   2- рет


Өрге сүйреп кемеңді!


 


Айтбек Рымбекұлы Әліпов, Астана, маусым 2024ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Еңлік
Еңлік 05.06.2024 17:45
У керемет өлеңіде,нақыл сөзіде

Пікір жазу