Өлеңдер ✍️

  29.05.2024
  355


Автор: Мұхарбек Жәкейұлы

... мың бір өлең?!

Тәттім-ау, тәнті етесің енді немен?


Ғашықпын көздеріңе мөлдіреген.


Айқасқан кірпіктерің аңдаусызда,


Қадалған жүрегіме сүңгі дер ем.


 


Ерінің дір еткенде үлбіреген,


Жандырып кете барды түнгі денең.


Масайтып махаббаттың бал шарабы,


Жазықсыз жүрегімді тілгілеген.


 


Жазалап жіберсең де мың дүремен,


Сенің от құшағыңа сүңгіп өлем.


Мың бір түн мұңсыз ғашық күйін кешіп, 


Тудырсам қандай жақсы мың бір өлең?!


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу