14.05.2024
  68


Автор: Радио күні

Радио күні 1 қазан

Радио — дегеніміз барлық ақпарат құралдарынан бұрын, ең алғаш шыққан ақпарат құралы дей аламыз. Сонау соғыс жылдары біткен уақытта пайда бола бастаған радио қабылдағыштар ел үшін ең құнды дүние болған. Сол уақыттағы адамдар радиодағы жаңалықтардың уақытын күтіп отыратын болған, радио арналарынан жаңалықтарды күтіп, радио арқылы әуезді ән тыңдап, жаңалықтармен таныстырып отырған.
Расыменде, радионың орны ерекше ғой. Біздің бала кезімізде үйде көп жарық көп сөніп қалатын. Сол уақытта әкеміз радиоға арнайы сымдар жалғап, сымдар арқылы батерияны радиоға жалғап қоятын, сол радионы тыңдап, жаңалықтарына қанық болатын едік. Ал кешкісін ертегі айтып беретін апайдың үні жанға жағымды болатын. Ертекті ұйып тыңдап отырып ұйықтап қалатынбыз. Балғын шақтың балдай тәтті кезеңдері осылай радио тыңдаумен өткен болатын.
Ал радио саласындағы қызметкерлер жайында айтар болсам, олардың жасап жатқан істері өзіндің маңызға ие. Журналистер мен корреспонденттер, дыбыс реттеушілер мен техниктер барлығының да өздеріне бекітілген қызметтері бар. Ал радио күні, яғни әр жылдың қазан айының 1 жұлдызында осы радио саласындағы қызметкерлердің күні болып саналады. Осы күні радио қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болып, еңбектері жандана түседі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу