Эсселер ✍️

  14.05.2024
  70


Автор: Радио күні

Дүние жүзілік радио күні

Дүние жүзілік жаңа мереке — Радио күні 2011 жылы қабылданған болатын. Дүниежүзілік Радио күні ақпанның 13 ші күні аталып өтіледі. 1946 жылы дәл осы күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шығып, оның стансасы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде орналасты.
Расыменде Радио қабылдағыштар ең бірінші танылған ақпарат құралы дер едім. Радио арқылы күннің райын, елдерде болып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп, радио арқылы түрлі әндерді тыңдап, сол уақытта радионың ең алғаш шыққан сәтіндегі адамдар үшін радио сол уақыттағы басты ақпарат құралы болатын.
Дүниежүзілік радио күні де, Қазақстан елінің радио күні де радио саласындағы қызметкерлерге деген құрмет болып табылады. Радио халықтың үні, радионы көлікте жүргендер, көлік жүргізушідері осы радионы арналарын тыңдап, өздерінің сүйікті бағдарламаларына қатысып, белсенді болып жүреді. Міне, бұл дегеніміз, бұрынғы уақытта болмасын, қазігі уақытта болмасын өмірімізде радионың алар орны ерекше деп білеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу