Эсселер ✍️

  14.05.2024
  65


Автор: Радио күні

1 қазан радио күні

Радио күні елімізде 1-қазан күні аталып өтіледі. Өйткені, біздің елімізге 1921 жылы қазан айында радио саласы ашыла бастаған екен. Сол себепті президентіміз радио күнін осы қазан айының 1-ші жұлдызына қоюды ұсынып, атаулы күндер қатарына бекіткен. Бұл мерекенің пайда болуының басты мақсаты, радио саласындағы қызметкерлерге деген құрмет болып табылады. Олардың жасап жатқан істеріне, ел үшін деп тынбай жасап жатқан еңбектерінің ақталуына жол салатын, яғни дәл осы күні олардың еңбектеріне баға беріліп, түрлі марапаттардың болуына жол ашу.
Расыменде, радио күні осы салада қызмет етіп жүрген барлық радио саласындағы қызметкерлер, дыбысын реттейтін, режиссерлер, техниктер барлығының істеріне үлкен құрмет көрсететін күн осы радио күні деп білем. Радионың басқа ақпарат құралдарына қарағанда ең бірінші пайда болуы бұл радионың еңсесі биік, мәртебесінің жоғары екендігін көрсетеді. Ең алғаш жаңалықтар да осы радио арқылы хабарланып, ең алғашқы ән де осы радио арқылы шырқалған десек қате айтпағанымыз болар.
Қазіргі таңда қалай, барлығы Радионың рейтингі түсіп кеткен деп ойлайтын шығар, бірақ бұл қате ұғым. Радионың мәртебесі ешқашан түспейді деп білемін, түспейді де, оны нық сеніммен айта аламын! Оған дәлел, қалааралық бағытта болсын, жәй қала ішінде болсын қоғамдық көлікке міне қалсақ, не болмаса таксиге отыра қалсақ Радионың үні жанға жағымды естіліп тұрады. Әсіресе, қазақ тілді арналарды естіп жаның жадырап қалады. Міне, біздің Радионың шоқтығы биік екенін осыдан-ақ байқай аламыз. Ия, бұл біздің — Радио!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу