14.05.2024
  70


Автор: Радио күні

Радио жайында

Тарих беттеріне үңілер болсақ, 1986 жылы 7 мамырда өнертапқыш Александр Степанович Попов ең алғашқы радиоқабылдағышты жасап шығарды делінген. Оған дейін радио жазушылар көп болған дейді, бірақ бәрі де сәтсіздікке ұшыраған деседі.
Поповты алғашқы радиограмма жолдаушы болып табылады. Оның мәтіні тек «Генрих Герц» деген сөздерден тұрған. Ал «Хакер» деген сөз радионың арқасында пайда болғанын білесіз бе? Құпия радиобекеттердегі парольді бұзатын адамдар осылай аталынған.
Франция еліндегі әйгілі Эйфель мұнарасы радиомен тікелей байланысты десек сенесіз бе?! Оның тарихына қарасақ 1889 жылы Бүкіләлемдік көрме кезінде тұрғызылған бұл мұнараны 20 жылдан кейін бөлшектеуді (демонтаж) ұйғарған көрінеді. Бірақ осы радио пайда болғаннан кейін Париждегі ең биік мұнараға антенналар орнатылған екен. Қазір уақытта Францияның визит картасына айналған атақты «Эйфель» мұнарасы осылай аман қалған көрінеді.
Бұқаралық ақпараттардың көшін бастап, ең бірінші болып шыққан радио жайлы түрлі қызықты түрлі оқиғалар бар, осы радио арқылы ақпаратпен сусындап отырған халық радионың маңыздылығын ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу