12.05.2024
  56


Автор: Қайрат Әбдірахман

Өзін-өзі басқару ұйымы - сенімді болашақтың кілті!

Авторы: Алматы қаласы, №174 мектеп-гимназияның президенті Әбдірахман Қайрат


 


Ұйым – арманы мен мақсаты, көздегені бір тұлғалардан құралған топ.


Өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты: Жарқын ұйымдастырушылық қасиеті бар,жауапты,тәртіпті,өз бетімен шешім қабылдай алатын қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу және мектепті басқаруға қатысу құқытарын жүзеге асыру.


 


1.Экология және еңбек фракциясы:

Экологиялық мәселелер – XXI ғасырдағы өте ауқымды да өзекті мәселелердің бірі. Экологияға , жалпы қоршаған ортаға жанашырлықпен, қамқорлықпен қарау – адамзат баласының басты мндеті. Эколог мамандардың қағып жатқан дабылдары мен орын алып жатқан экологиялық апаттарға бей-жай қарамауымыз қажет. Оқушылар арасында да бұл тақырып өзектілігін жоғалтпаған. Осы орайда, Мектеп парламенттерінің бастамасымен эко-кеңес құрылып оқушыларымыз экологиялық мәселелерді талдап , саралайды. Наурызбай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шаралар өтті. Сенбіліктер , экологиялық отырыстар және мектеп белсенділерінің жиналыстары. Ай сайын Экологиялық кеңес өтеді. Ол кеңесте әртүрлі тақырыптар талқыланады. Аудан мектептерінің барлығында Экологиялық-еріктілер клубтары бар. Клуб мүшелерімен бірге Халықаралық «Recycle Birge» ұйымы ұйымдастырған тазалық ойындарына қатыстық. Іс-шарадағы журналистер бізден сұқбат алып, оқушылар журналының мұқабасына шығарды.Аудан мектептерінде ашылған клубтар өте белсенді. Мына суретте Эко-әлем клубының тау бөктерінде ұйымдастырған сенбілігі. Біз ауданның парламенттері болып клубтардың басын қосып , бірге жұмыс жасадық. Алда тағы да жұмыс жасайтынымызға сенімдіміз. Оқушылар экологиялық іс-шараларға белсене атсалысып, ынталарын білдіруде.


 


2.Мәдениет және өнер фракцисы:

«Өнерлінің өрісі кең» - демеші, әрбір тұлғаның өзіндік ерекшелігі, өнері қалыптасады. Ал , оқушылар арасында өнерлі оқушыларды анықтап, олардың қабілеттерін әрі қарай дамытуда Мектеп парламентінің алар орны ерекше. Яғни, өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшесі ретінде біз оқушыларға қолайлы атмосфера құрып, қабілеттерін шыңдауға бағыт-бағдар бере аламыз. Осы орайда, Наурызбай ауданының мектептерінде Өзін-өзі басқару үйымдарының бастамасымен шығармашылық клубтардың ашылғанын ерекше айтып өте аламыз. Шығармашылық клубтардың мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру, шығармашылыққа қызығушылығы бар оқушылардың қабілеттерін ашу және тәжірибе алмасуға қолайлы алаң қалыптастыру.


Аудан мектептеріндегі шығармашылық клубтар бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасайды. Олар: би, сурет өнері, мобилография, қолөнер, домбыра және актерлік шеберлік. Сондай ақ, ауданымызда өткен мәдени іс-шаралар да аз емес. Мысал ретінде: күзгі балл, ән – би байқаулары және әдеби-эстетикалық (И.Сапарбай, және т.б Phd доктарлар, профессорлармен кездесу) кештер өтті. Аудан оқушылары Республикалық өнер, театр байқауларының жеңімпаздары. Қорыта келгенде, біз – Наурызбай ауданы , Мектеп парламенттерінің көшбасшылары парламент мүшелерімен бірге мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің артуы мен тәжірибе алмасуында зор ықпал тигізетінімізді нық айта аламыз.


 


3.Қайырымдылық фракциясы:

 Оқушылар арасында қайырымды да адал тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізетін үш топты қарастырайық. Ата-ана , ұстаз және қоғам (орта). Адам баласы мектеп өміріндегі көп уақытын достарымен, сыныптастарымен яғни өз ортасында өткізеді. Соған байланыты адамның тұлға болып қалыптасуына ортаның әсері көбірек екенін байқай аламыз. Осы орайда , біз – Өзін-өзі басқару ұйымы – оқушылармен тығыз байланыс орната отырып, олардың тұлға болып қалыптасуына ерекше әсер етеміз. Қайырымдылық фракциясы бойынша атқарылатын жұмыстардың басым көпшілігі дәл осы – жақсы тұлғаны қалыптастыруға негіделген. Қайырымдылыық жәрмеңкелері , «Қайырымды бол!» акциялары , челлендждер және қайырымдылық сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар арасында осы акциялар мен челлендждерге қызығушылық танытатын тұлғалардың қарасы көбеюде. Тіпті қазір ұсыныстарға арналған анонимді сауалнамада Қайырымдылық акцияларының оларға ұнағандығын және тағы да өткізуімізді сұрайтын оқушылардың хаттары көп. Яғни, оқушылар қайырымдылық жасаудың жанға тыныштық сыйлайтындығын жақсы түсініп, бір-бірін қайырымдыық жасауға шақыруда. Алдағы уақытта да қайырымдылық акцияларын үздіксіз ұйымдастыратынымыз – анық.


 


4.Ақпарат фракциясы

Мектеп парламентінде Ақпарат фракциясының алар орны ерекше. Оқушыларға мектепте өткен немесе енді өткелі жатқан іс-шараларды дұрыс әрі тиімді жеткізе білуі қажет. Біз бұл фракцияның жұмысын заман талабына сай үш топқа бөліп қарастырамыз :  СММ , мобилография және корреспондент. Ақпарат фракциясының жанынан ашылған клубтар бар. Мектеп өміріндегі ақпарат фракциясы бойынша белсенді болғысы келген әрбір оқушы сол клубқа кіріп жұмыс атқара алады, білмесе – үйрене алады. Шығармашылық клубтармен бірге мобилография,смм бағыттарына тәжірибе алмасу алаңдарын құрастырдық. Онда мобилография, смм салаларын жетік меңгерген оқушылар үйренгісі келетін оқушыларға бар білгндерн үйрете алады. Бір-бірімен ақпарат алмасу арқылы олар өз қабілеттерін шыңдап, жаңа  білімді игере алады. Ақпарат фракциясы тек ақпаратты жеткізіп қана қоймай, ақпарат саласы бойынша оқушылардың белсенділігін арттыру бойынша жұмыс жасайды. «Үзді бейнебаян – 2023» атты мектеп өміріне қатысты бейнебаяндар байқауы, «Ай да Пушкин!» атты кино сайыс және тағы да басқа үздік мұқаба, үздік безендірілген инста парақша, үздік түсірілген тик-ток секілді байқаулар өтті. Оқушылар бұл байқауларға ерекше қызығушылық танытып, белсене қатысты. Осылайша біз оқушылармен тығыз байланыс орната алдық. Анонимдік сауалнамалар, инста парақшадағы ұсыныстарды қабылдау сауалнамасы құрылды. Әрбір мектеп парламентінің инста парақшасы заман талабына сай смм бағытта безендірілді. Оқушылар әлеуметтік желілерден атқарылған жұмыстың бейнероликтерін көріп, өз алғыстарын жаудыруда. Кейде ата-аналар да парламенттің белсенді екенін негізге ала отырып, мақтап жатады. Қорытындылай келе, оқушылармен тығыз байланыс орнатудағы Ақпарат фракциясының рөлінің айрықша екенін аңғара аламыз.                    


 


Ұлттық салт-дәстүрімізді сақтай отырып,бәсекеге қабілетті ортақ отанымыз-жаңа Қазақстанды бірге қалыптастырамыз.


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу