07.05.2024
  40


Автор: Халықаралық архив күні

9 маусым архив күні

Әр елдің әр түрлі уақытта аталып өтілетін архив күні 9 маусымда «Халықаралық архив архив күні» болып тойланады. Архивте құнды құжаттар мен белгілі тұлғалардың өткен өмір жолдары сақталады. Бір құжатты іздесек архивті ақтарып, архивтен тауып жатамыз ғой. Сол себепті архив саласының қызметкерлерінің жасап жатқан істері өте маңызды деп білемін. Архившілер құжаттарды қадағалап қана қоймай, оларды көзінің қарасындай етіп сақтайды. Олардың жойылып кетуіне жол бермейді.
Адамдарға керек құжаттарын тауып, керек мәліметтерін беріп отырады. Бұл архив жалпақ тілмен айтар болсақ біздің өткенімізді сақтайтын, алда керек болатын құжаттарды реттеп, бізге ұсынып отыратын сала. Бұл саланың қызметкерлері жұмысына жауапкершілікпен қарамаса, абайсызда архивтегі сақталған құнды құжаттар жойылатын болса ертең біреуге жеке куәлік, не болмаса зейнетке шығуға құжаттар керек болса сол адамдарға үлкен зияны тиетіні анық. Сондықтан, әр құжаттың орнын белгілеп, жылдарына қарай жайғастырып отыратын, сұраған кезде тез тауып беріп, бәрін реттеп отыратын архившілер әрбір істеріне аса мұқият болулары керек.
Архив күнімен бірге тойланатын архившілер күнімен архив саласындағы барлық мамандарды мерекесімен құттықтаймыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу