Өлеңдер ✍️

  01.05.2024
  367


Елес ару - Азизбек Ермекбай


Мені сүйіп, ғайып болған елес ару,
Мүмкін емес болып барат саған бару.
Сағыныштан өртенген бұл жүрегім,
Білесің бе өзіңе әлі зәру.


Бір жыл өтті, өмірімнен сен кеткелі,
Үш жыл болды, өмірімнің сен өткелі.
Іште тұрған сағыныш, сезімдерді,
Түнге айтам білесің бе мен өкпені.


Бұл өмірден сен секілді қыз іздеймін,
Бұл жүрекке өзге қызды кіргізбеймін.
Истихара оқып едім ғайып болдың,
Бірақ та үмітімді әлі үзбеймін.


Қара көз, шаштарыңа ғашық болғам,
Сен болғанда ерекше еді суық қоғам.
Ал қазіргі жүрегім мұз басқандай,
Махаббат пен сезімге суып барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу