27.04.2024
  37


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні ұмытылмас жыл сайын

Жеңіс күнін біреулері ұлы мереке десе, енді біреулері соғыс жылдары қайтыс болған отандастарымызды еске алу деп түсінеді. Біреу мерекені тойлаймыз десе, енді біреуі өмірден өткен жақындарын еске аламыз деп, сол жақындары жайлы естеліктерді айтып, жасаған ерліктеріне тоқталып, баспаларға баяндап, мақалалар арнайды.
Бұл мерекеде – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн көз алдымызға елестейді. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың ерліктерін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қасиетті де қастерлі мереке болып табылады. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болғаны баршамызға аян. Бұл Жеңіс күні сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ал тарих беттеріне үңіліп, осы жеңіс бізге қалай келгендігі жайлы балаларына түсіндіріп айту әрбір ата-ана мен ұстаздардың парызы деп ойлаймын. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ Жеңіс жайлы, Ұлы Отан соғысы жайлы барлығын түсініп, білулері керек.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, өздерінің істерімен дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алып, жау әскеріне қасқая қарсы шықты. Тек қана ер адамдар емес, қазақтың аяулы қыздары ла қолына қару алып, жау әскеріне қарсы шықты. Батыл жүректі біздің қазақ жауынгерлері алдынғы шептен орын алып, жеңіске жету жолында аянып қалмады. Міне, жеңіс күні осындай қиындықтармен есік ашып, баршамызды шаттыққа бөледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу