Эсселер ✍️

  27.04.2024
  64


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні қуанышты да мұңлы күн

Жеңіс күні, яғни әр жыл сайын 9 мамырда тойланатын бұл мереке қуанышы мен мұңды мереке десек болады. Қуаныштысы сол 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысының араға 4 жыл салып 1945 жылы 9 мамыр күні Жеңіске жеткендігі жариялануы. Ал мұңды жағы, осы жеңіс күні соғысқа қатысып елі үшін деп жанын беріп, өмірден өткен жандарды еске алу, соғыс ардагерлері жайлы әңгіме айтып, соғыс жайлы бастан өткергендерін өсіп келе жатқан жастарға баяндап беру. Расында да бұл жеңіс күні оңайлықпен келмеді. Өз үйін тастап, балалары мен әйеліне қарамай Отан үшін отқа түскен біздің батыл жүректі ардагер жауынгерлеріміздің басынан не өтпеді десеңізші.
Жеңіс – қасиеттi мереке. Неліктен десеңіз 4 жылға созылған Отан үшін соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің жеңіске жеткен күні. 1945 жылы, 9 мамыр күні Жеңіске жеткендіктері жарияланған болатын. Жыл санап бұл Жеңіске қол жеткізген күн де жарты ғасырды артқа салып, тарих қойнауына енуде. Жеңіске қол жеткізген бұл мвңызды күн, яғни 9 мамыр ешқашанда ұмытылмайтыны анық. Әр жыл сайын бұл мерекені тойлап, ардагерлер жайында сырлы сұқбаттар жүргізіледі. Ияя, жеңіс күнімен қатар соғысқа қатысып, ерлік жасаған Қазақстандық батыр жүректі ардагерлер бұл өмірден өтсе де, олар жайлы айтылатын естеліктер тоқтамайтыны анық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу