27.04.2024
  61


Автор: Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысы Жеңіс күні

1941-1945 жылдары болған Ұлы отан соғысының берген зардабы әлі күнге дейін жанымызды жегідей жеп келе жатқаны жасырын емес. Осы соғыстың кесірінен қаншама отбасы асыраушысынан айрылып, көп ана балаларынан айрылды емес пе?! Тылда еңбек еткен аналардың күйінің қандай болғанын көз алдымызға елестете алмаспыз. Ол кезде болған оқиғалар бұл күндері біздер үшін тарих қойнауына кіріп, тарих беттеріне енген ертегіге айналғандай. Біріміздің атамыз, біріміздің бабаиыз, енді біріміздің нағашы атамыз қатысқан бұл Ұлы отан соғысы бітіп, Жеңіске жеткен біздің ардагер аталарымыздың бүгінде саны азайып бара жатыр. Бұрындары соғысқа қатысқан ардагерлерді осы Жеңіс күніне орай мектептерге шақырып, іс-шаралар ұйымдастырып, ардагерлерден Жеңіске қалай жеткендерін, басынан өткендерін барлығын сұрап, оларға арналған концерттік бағдарламаларын ұйымдастыратын едік. Ал бұл күні соғысты көрген, басынан өткергендерін айтып беретін ардагерлер қатары азайып, келмеске кетіп жатыр.
Жеңіс күні расыменде қуанышы мен қайғы-мұңын қатар беретін мерекелік күн. Дәл осы күні дәл осы күннің құрметіне өмірге келген ұл балаға Жеңіс, қыз балаға Жеңіскүл деген есім қойылып отырған. Ешқашанда сол кездегі соғысқа қатысқан жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұмыту мүмкін емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу