Эсселер ✍️

  27.04.2024
  48


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жыл сайын 9 мамыр күні келетін бұл мереке жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, бірнеше жылға созылған соғыстың нүктесі қойылған Жеңіс жалауы желбіреген күн десек қате айтпағанымыз болар! Расыменде осы күні соғысқа қатысқан қаншама жауынгерлер мен сол жакынгерлерді күтіп, солар үшін алаңдап отырған жақындарының соғыс бітіп, Жеңіс, жеңіске жеттік деп қуанышқа жетіп, бөріктерін аспанға лақтырған күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау дүрбелең соғыстан жеңіп, отан үшін отқа түскен ардагерлердің жеңісі, олардың соғыста жасаған ерліктерінің жемісі деп білемін.
Жеңіс күні бізге оңайлықпен келмегенін де жақсы білеміз. Қазақстан жерінен соғысқа аттанған қаншама жауынгерлер өлім құшып, елге орала алмай қалды емес пе?! Отан үшін жандарын беріп, арыға бапмай-ақ, қаншама ерлік жасаған біздің қазақ қыздары Әлия мен Мәншүкті алайықшы, олардың ерліктерін екінің бірі қайталай аомасы анық. Олардан басқа қаншама батырларымыз жанын беріп, ерлік көрсетті. Міне, солардың арқасында Жеңіс күні есік ашып, әр жыл сайын 9 мамырда тойланып, батыр ардагерлерді еске алып, оларға тағзым етілуде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу