23.04.2024
  111


Автор: Бірлік күні

Достық күні — Бірлігім!

Жыл сайын атаулы күнді, яғни 1 мамырды ерекше мереке етіп тойлайтын Қазақстан халқы бұл мерекені еліміздің әр жерінде үлкен іс-шаралар етіп тойлаудан жаңылған емес. 130 ұлттар мекендейтін біздің мекенуміз расыменде ынтымақ пен сыйластықтың мекені десек те артық болмас. Себебі, әр жыл сайын осы мерекені асыға күткен Қазақстан халқы бұл күнді ерекше көңіл күйде тойлайды.
Киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен ынтымақты басты ұранына айналдырғандай.
Бұл мерекеде еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Әр ұлттың өкілдері өз салт-дістүрлері мен ұлттық киімдері және ұлттық тағамдарын насихаттап, мерекелі күнді қызықты етеді.
Достығымыздың шынайылығын арттыра түсетін бұл бірлік күні бір ту астындағы барлық ұлттардың бір-біріне деген мейірімдерін арттырады. Сыйластық пен берекеге жол ашып, бейбітшіліктің тамырын тереңдете түседі.
Ел тынышын сақтау үшін алдымен еліміздегі мекен еткен түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен ынтымақта, сыйластықта болулары керек. Олардың Ұлтаралық қарым-қатынас жақсы болса, ауызбіршілігіміз жақсы болса, достастығымыз арта берсе біздің елдің бірлігі мен тірлігі жарасым тауып, еліміздегі бейбіт күндер жалғасыү таба берері айқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу