23.04.2024
  62


Автор: Бірлік күні

Бүгін шаттық мереке құтты болсын!

Бүгін шаттық мереке құтты болсын,
Еліміз бен жеріміз аман болып.
Ынтымақ пен сыйластық күшті болсын,
Тыныш бейбіт ғажайып заман болып.

Әр шаңырақ, әр үйге бақыт қонсын,
Көңіліміз жаздайын жайнап дәйім.
Қиындықтар біздерден аулақ болсын,
Жанымызды жейтіндей жоқ боп уайым.

Бірлігіміз жарассын, тірлігіміз,
Татулықтың мекені есік ашып.
Жүрейікші жарасып достығымыз,
Ағын судай әрдайым көңіл тасып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу