Өлеңдер ✍️

  17.04.2024
  359


Ішкі уайым жеп болды

Сыр ақтарып ақ қағазға жайымды,


Жазбақ болдым іш кернеген уайымды.


Он үш жыл отасқан жарым едің,


Бақытты болу ғой бар тілегім.


 


Алла қосты жүз жігіттің ішінен,


Ғашық болдық жастық шақтың кезінен.


Қартайғанша қол ұстасып жүрсек деп ем,


Неге сонша түсті екен бүгін еңсем?!


Тарамай тұр, әзірше саған өкпем....


 


Бірінші жар Алладан депті қазақ,


Істеген бұл қылығын болды мазақ!


Жүрекке сұғылса да талай пышақ,


Білдірмедім ешкімге шытып қабақ...


 


Қолда бардың қадірі еш болмайды,


Жоғалтқанда жүрек сонда тулайды.


Дер кезінде бағаламай барыңды,


Өкінішпен өткен күндер сол қайғы...


 


Қалай енді мен саған сенеді екем,


Өзгерсе ғой мінезің жаққа көркем,


Жүрегіңде иман нұры қайта жанып,


Жүрмейікші қасыңда сенің қорқып!


 


Аллаға қайт, намаз оқы, ақылға кел,


Бұл жалған да уақытша, бәрі бітер...


Құдай салған сынақтан сүрінбей өт,


Ата-анаң аман болсын, дұға тілер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу