Өлеңдер ✍️

  17.04.2024
  366


Басқа бала уайымы.

Бір айлық Асылым жатты бесікте,


Қарамай оған есілдертін есікте.


Дүниеге бір жалайыр келеді деп,


Күттің қуанып сыр білдірмей ешкімге...


 


Қан жылады жүрегім естігенде,


Менің балам емес деп сескенгенде.


Қаштың неге мойындамай шындықты?!


Тырысқанмен жамай алмайсың жыртықты!


 


Жылдар өтіп, өсіп қалды ол бала,


Іштен тынып, таппадың сен еш айла.


Видео мен суретін сұрап алып,


Қуанып көріп жүрдің сен тығыла...


 


Айнур аңқау сезбеген бұл жағдайды,


Білген кезде жүрек байқұс сыздайды.


Ойнас оттан ыстық демекші,


Сезім өшіп, махаббат қол бұлғайды...


 


Жарың қақсап, миды бекер жемейді,


Тек шындықты шырылдап ол тілейді.


Маған да назар аударса екен деп,


Үмітін ол ешқашанда үзбейді...


 


Бағаламай, сыйламай,


Өтті түндер жылаумен.


Айтқан сөзде тұра алмай,


Кете бердің жайымен...


Аманатым деп білсең егер,


Қайғысыз өтер еді неше күндер!


 


Білмеймін мен не күтіп тұр алдымда,


Болмаса ғой бәрі осы қалпында.


Болашаққа зор үмітпен қараймын,


Қалмасақ қой барлық елдің артында...


Бір Құдайға бәрін мен де тапсырдым,


Көнемін ғой Алла салған тағдырға....


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу