11.04.2024
  464


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Сор

Шағын ғана орманды
Бiр қорбаңбай биледi
.
Дана болмай, болды әңгi,
Естiлердi сүймедi.
Қасындағы бiрiнiң
Естiлiгiн көрсе-ақ,
Үздi бiрден жұлынын,
Тастап кеттi боршалап.
«Басқа аңның
Шамалы
Артып кетсе беделi,
Билеушi қып алады, –
Деп ойлады, – ел оны»
.
Қарсақ, түлкi, қасқыр да
Айекеңнен ығысты.
Естiлiгiн тақсырға
Көрсетпеуге тырысты.
Әйтпесе аю кеше ме,
Жоқ қылады бiр күнi.
Айекең не десе де,
– Дұрыс, – деп, бас шұлғады.
Бiр жазда
Бұл орманды
Қуаңшылық жайлады.
Шаңы шығып көл қалды
,
Қаңсып қалды қайнары
.
– Көршi орман бай екен,
Кенелемiз мол балға,
Болмас, – дедi Айекең, –
Аумасақ сол орманға.
– Бүйiрiмiз шықпады
Ұсақ-түйек жәндiкпен.
Ауайық, – деп құптады
,
Шуылдасып аң бiткен.
Аю тұрып, қамданды
Сарғайып таң атқанда
.
Жинап алып аңдарды,
Өзi бастап тартты алға.
Артта ұзақ жол қалды
,
Қалды талай сай-сала
.
Көрдi алдан орманды
Бөленген көк майсаға
.
Орманменен араны
Бөлiп жатты айдын көл.
Аю күн сап қарады,
Сонсоң топқа қайрылды ол.
– Елеймiз бе мұндайды
,
Талай суда жүзiп ек,
Осы бiр түс ыңғайлы
Болар, – дедi гүжiлдеп,
Қауiп сезiп
Түбiр мен
Балдырлардан судағы
Тұрса да аңдар,
Бiр үнмен:
– Ыңғайлы, – деп шулады.
Батылдары бармады
Бұл қауiптi тұс деуге.


Аһ ұрысты
Алдағы
Аю оған түскенде.
Байғұс аю әңгүдiк
Батып кеттi жылымға.
Озбыр болу
Мәңгiлiк
Сор екен-ау, шынында
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу