Өлеңдер ✍️

  11.04.2024
  299


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қоян неге қорқақ

?
Асау өзен асығып,
Соғады үйдей тастарға.
Кейде жарға бас ұрып
,
Атылады аспанға.
Өзенi ағып еңiсте
Жатқан терең аңғар бұл.
Бергi жақта, өрiсте
Жайылып аң, малдар жүр.
Аунай бергiң келедi
Көк майсаға, шалғынға.
Қарай бергiң келедi
Көкжиекке, сағымға.
Алаулап күн тұр қызып,
Шашылады шуағы.
Құлыншақтар құйқылжып,
Бiрiн-бiрi қуады.
Қойлар жатыр шуақта,
Шарпып күннiң от лебi.
Ойпаңдағы бұлаққа
Сиыр, түйе беттедi.
Маужырайды өгiз, ат,
Бұзау, бота жүр ерiп
.
Асыр салса қозы-лақ,
Селтеңдейдi бiр елiк
.
Қорықпайды қоян да,
Томпаңдайды көжекпен
.
Кенет, көз сап көп аңға,
Қасқыр шықты өзектен
.
Байқап қалды мұны аңдар,
Осқырыңды қос киiк.
Құлақ тiгiп құландар,
Тұрып қалды состиып.
Көжек зытты зар жылап,
Жалғыз қурай түбiне.
Сүңгiп кеттi қалжырап,
Саршұнақтың iнiне.
Қасқыр амал ойлады:
Ит десiн деп:
– Ап
! – дедi.
Қоян сене қоймады,
Бұрыла сап жалт бердi.
Ақ қоянның iзiмен,
Бәрi орманға лап қойды.
Ызғар ойнап жүзiнен,
Жалғыз марал қап қойды.
Аман кеттi бiр марал
,
Бiрi қалды қорғауға.
Байқамады мұны аңдар
,
Кiрдi жетiп орманға.
Қасқыр ендi iз бағып
,
Қарамады бар аңға.
Екi көзi қызарып,
Таяп қалды маралға.
Қорықпады қорынып,
Марал асып-саспады
.
Қызықтыра керiлiп,
Құзға қарай бастады...
Iлестiрiп қасқырды,
Марал кеттi тасқынға
.
Өзi де жан тапсырды,
Жан тапсырды қасқыр да.
 Көжек көрдi көзiмен
Не болғанын аңғарда.
Шыға сала тез iннен,
Зытты орманға, аңдарға.
– Қалай тiрi келдiң? – деп,
Боратты аңдар сұрағын.
Көжек күлдi кеңкiлдеп,
Қайшылады құлағын.
– Жаумен ұзақ сайыстым,
Шатқалға аттым қасқырды.
Басы езiлiп байғұстың,
Тасқында жан тапсырды.
Малдар да оған жақын кеп,
Сүйсiне бiр қарасты.
– Жаса, көжек батыр
! – деп,
Жөн-жөнiне тарасты.
Ана марал тұр едi,
Дәл көжектiң жанында
.
Ендi байқап бұл оны,
Сүңгiп кеттi қалыңға...
Шат өмiрде ол бүгiнгi,
Паналап жүр бұтаны.
Есiтсе бiр сыбырды,
Марал ма деп зытады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу