Өлеңдер ✍️

  11.04.2024
  136


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Монтер

Нағашы атам қой бағып,
Еңбек ерi атанды.
Бастық келiп қол алып,
Құттықтады атамды.
 Ауылды атам жинады,
Бұл өзi iс болды iзгi
:
Азан-қазан үй маңы,
Ән қалықтап, той қызды.
Тай қазандар бүлкiлдеп,
Ет дегенiң қайнады.
Келiп жатты жұрт гулеп,
Жиналды қай-қайдағы.
Есiк алды көңiлдi
,
Күндiзгiдей жап-жарық.
Сансыз сәуле төгiлдi
,
Қараңғыны қақ жарып.
Айдалада ақ отау
Тыныш едi азанда. Тiгiлiп қап сан отау,
Айналды тез базарға.
Астанадан, қаладан
Шақырттық көп жекжатты.
Ауылдағы бар адам
Шақырмай-ақ кеп жатты.
Қыпшақбай да, Төлен де,
Бәрi осында жиналды.
Кезек берiп өлеңге,
Ұластырдық биге әндi
.
Қызық болмас бұл күндей,
Кешке дейiн ойнадық.
Түн болған соң
Жүгiрмей,
Жұмбақ шештiк ойланып.
Балалардың жұмбаққа
Қанғаннан соң құмары
,
Жайластық кеп жүн қапқа,
Ертегi айтты Нұралы.
«Ерте, ерте, ертеде
Тұрмыстары тым ауыр, Бiзден шалғай өлкеде
Болған екен бiр ауыл. Тiзе қосып көп адам,
Салған екен қыстауын.
Айналасын орап аң,
Қоршапты орман үш жағын.
Еңбек етiп мың кiсi
,
Серпiлiптi ауыр мұң.
Содан бастап тұрмысы
Түзелiптi ауылдың.
Ұмытыпты ел өткенiн,
Бақта бұлбұл сайрапты.
Нұрын төгiп көкте күн,
Құлпыртыпты аймақты.
Ойын-сауық селi үдеп,
Қызыпты той, ән-думан.
Ояныпты төңiрек
Өмiр-бақи қалғыған.
Тұрғанда өстiп таң күлiп,
Маңайға гүл толғанда
,
Ашық беттен жау кiрiп,
Тықсырыпты орманға.
Адам емес құбыжық,
Қара құрым қаптапты.
Жеткендерiн бiр мыжып,
Құмырсқадай таптапты
.
 Босқын халық сол бойы
Орманға ендеп енiптi
.
Ауру тарап жол бойы,
Небiр қыршын өлiптi
.
Өткен кезде алты апта,
Қу сүйек боп сүлдерi
,
Тiрелiптi батпаққа,
Жүре алмай iлгерi
.
Таусылыпты астық та,
Халық әбден шаршаған
.
Шыдай алмай аштыққа,
Шейiт болған қанша адам!
Жаны бары кеудеде
Қалжырапты күш кемiп. Бiрiн-бiрi жеуге де
Ұмтылыпты тiстенiп.
Босқындардың басына
Қайғы бұлты торлапты
.
Оларды
Алға басуға
Бастайтын жан болмапты.
Тұрған халық кiжiнiп,
Көрiптi бiр жiгiттi
.
Данко деген бұл жiгiт
Алға ұмтылып шығыпты
.
Жалынды ұран ол тастап,
Бұрылыпты халыққа.
– Кәне, ерiңдер, мен бастап
Шығам, – дептi, – жарыққа!
Қуаныпты көп халық,
Барлығында бiр тiлек.
Iлесiптi топтанып
Соңына оның дүркiреп.
Бұлың-бұлың жерлермен
Данко оларды бастапты.
Азапты адам көрмеген
Артқа ысырып тастапты. Бiрте-бiрте бiр кезде
Қараңғылық қаптапты.
Адасып ел лезде,
Бос шарлапты батпақты.
Нөсер құйып төгiптi
,
Қатты дауыл соғыпты.
Су етiкке толыпты, Iздептi ендi ел ықты.
Ызғар беттi шымшылап,
Орман iшi ұлыпты.
Шибөрiлер қыңсылап, Бiрде сақ-сақ күлiптi...»
Қас қылғандай осы сәт,
Өштi шамдар бiздiң де.
Балалар тым шошып қап,
Ойнады үрей жүзiнде.
Басып қалды түн түнек,
Қаптағандай әлемдi
.
Монтердi iздеп жұрт гулеп,
Тынып қалды ән ендi
.
Абыр-сабыр ел, мiне,
Қынжылып жүр анам да
.
Әбiлда ағай келдi де,
Шығып кеттi бағанға.
 Табан жолын аңғармай
,
Өкiнiп жұрт шулады.
Орманда бiз қалғандай,
Жүрегiмiз сулады.
Жүргендей жел өтiнде
Қалтырады денемiз.
Қалсақ топтың шетiнде, Iшке ығыса беремiз.
Әбiгер боп жұрт мұнда,
Сөнгенде бар шырағы, Бiздiң топтың сыртында
Отыр едi Нұралы.
Тұрды орнынан, қорқа ма,
Нұралы сырт қалмады. Кiрiп алып ортаға,
Ертегiсiн жалғады.
«Қайтуға да ендi iздi
Көре алмапты абыржып
.
– Алдадың, – деп – сен бiздi! –
Шуылдапты барлық жұрт.
Төмпештептi арқадан,
Төмпештептi басына.
Ыза болып Данко оған,
Булығыпты ашуға.
Сосын түрiп бiлегiн,
Таптап қамыс, қоғаны
,
Жұлып ап өз жүрегiн,
Көтерiптi жоғары.
Жүрек сәуле шашыпты,
Болыпты маң жап-жарық.
Данко алға басыпты
Қараңғыны қақ жарып»
.
Осы сәтте шам жанып,
Маңай нұрға бөлендi
.
Бағанаға таңданып,
Қарай қалды ел ендi
.
Күлiп баған басында,
Көпшiлiктен алғыс ап,
Қолы жетiп асылға,
Монтер тұрды шам ұстап.
Жалындатқан жүрегiн
Аумады ол Данкодан.
Түрiп түннiң түнегiн,
Қайта өрледi қалқып ән.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу