Өлеңдер ✍️

  11.04.2024
  185


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Мойнақ

Атам итi мойны аппақ,
Бөкен санды, кеуделi
.
Естiлiгiн ел мақтап,
Арлан Мойнақ дейдi оны.
Қайда барса,
Атамнан
Қалмайды ол екi елi
.
Бiрге тұрып әр таңнан,
Қой бағысып кетедi
.
Келген соң да кешкiлiк
Әдетi оның күндегi
:
Айналаға
Сес қылып
Үрiп қойып жүргенi
.
Ал қалада, көршi үйде
Бобик деген бiр ит бар.
Айтсам, тiптi ерсiлеу,
Көршiм соған кiрiптар.
Ас-ауқаты – алдында,
Жалғыз Бобик баққаны
.
Ертелi-кеш ваннаға
Шомылдырып жатқаны.
Берiп кешкi тамағын
Болғаннан соң,
Мақтанып,
Саусылдатып медалiн,
Шығады оны баққа алып...
Күнде өстiп,
Қыдырып
Шықса Бобик медальмен:
 «Бұлар жүр не тындырып?» –
Деп ойлап, таң болам мен.
Масыл емес ал Мойнақ
,
Тiлемейдi еш күтiм.
Алдындағы малды ойлап
Жүредi ылғи,
Естi тым.
Шаршаса да,
Жұтынып
Тұрады ол ойынға.
Еркелетсең, Тiк тұрып,
Асылады мойынға. Бiр жүгiрiп, бiр бұғып,
Оны қанша ойнатпа –
Жиi-жиi бұрылып
Қарайды ол қой жаққа...
Атам қонақ кiсiге
Айтты оның ерлiгiн.
Тыңдай бердiм сүйсiне,
Естiмеп ем мен бұрын.
«Түн ортасы ауғанда,
Дүр етiп қой үрiктi
.
Түн жамылып,
Албарға
Қасқыр келiп кiрiптi
.
Бөлмедi ме көңiлiн,
Байқамапты Мойнақ та
.
– Айт, айт, мойнақ! – деуiм мұң,
Тұра ұмтылды ой жаққа.
Ағып барып арс еттi
,
Анық – ауыз салғаны.
Болсын бөрi қанша ептi
,
Оны жасқай алмады...
Осы кезде бiр қозы
Шауып келдi бөктерден.
Қалжырапты мүлде өзi
,
Оңай ма екен текке өлген?!
Мойнақ оны бөрiден
Алса керек құтқарып.
Қой қораға ол бiрден
Қойып кеттi тiк барып.
Мылтығымды ала ұшып,
Мойнаққа мен жеткенде,
Бөрiменен алысып
Жатыр екен беткейде.
Әдетiммен жас күнгi
Айғай сала жүгiрдiм.
Шалажансар қасқырды
Қақ тұмсықтан бiр ұрдым...»
Жұмсаса өстiп,
Құп алып,
Аямайтын көмегiн,
Медальдарға шын лайық Бiздiң мойнақ дер едiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу