Өлеңдер ✍️

  11.04.2024
  165


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Теледидар

Бiздiң үйге ағамыз
Теледидар әкелдi.
Бәрiн содан табамыз,
Көңiлiмiз шат ендi.
Кiргiзiп ол тұр сәнiн,
Гүл жайнады үй iшi.
Экраннан
Күн сайын
Көрiнедi мың кiсi.
Бiреулерi би билеп,


Бiреуi күй төгедi.
Ал бiреуi ылғи кеп,
Ертегi айтып бередi.
Ал бiр ағай Бiздердi
Саяхатқа бастайды.
 Аралатып жүз елдi,
Бiр сергiтiп тастайды.
Ертегiнiң жаннаты –
Алтай, Қырым, Бурабай;
Мәскеу, Париж, Алматы,
Орал, Тянь-шань, Гималай;
Мұзды мұхит, ақ аю,
Қарт Алатау, ұларлар,
Тибеттегi қара аю,
Бадхыздағы құландар;
Мекен болған қабанға
Орман, тоғай, көл, қамыс,
Африка, саванна,
Арыстан мен жолбарыс;
Сәйгүлiгi даланың
Ақ бөкен мен зебра,
Бетпақдала, Қарақұм,
Ешкiемер мен қобра;
Тундраның бұғысы,
Тас қияның қыраны,
Арқар, марал – күллiсi
Көз алдыңда тұрады.
Кенелесiң бiлiмге,
Ғарышқа да самғайсың
.
Отырып-ақ үйiңде,
Жер-жаһанды шарлайсың.
Үйге келсе бiр қонақ,
Қалушы едiк бiр өсiп.
Ендi көрiп мың қонақ,
Қүнде жүрмiз мың өсiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу