29.03.2024
  73


Автор: Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

Күзетшілер қызметі

Күзетшілер қызметтері еліміздегі түрлі мекемедерді қорғау болып табылады. Олардың жұмыстары жауапкершілігі өте жоғары мамандық. Күзетшілердің қызметтері әсіресе мереке күндері күрделі болады. Мерекеде адамдар көп, абыр-сабыр кезінде ұры қарылар көбейіп, заң бұзушылықтар артатыны сөзсіз. Мереке күндері жарғақ бастары жастыққа тимейтін, жұмыстары қызып тұратын шақта аянбай қызмет етіп, жұмыстарына аса ұқыптылықпен қарайтыг Күзетшілердің еңбектері орасан. Олар тек мал-мүліктерді ғана емес, түрлі мекемені, яғни аурухана, сауда үйін, тағы да басқа түрлі нысандарды қорғау, сонымен қатар адамдардың өздерін күзететін ұйымдар да баршылық. Мысалы, билік өкілдері ауыл ауылдарды, қалалар мен түрлі мекемелерді аралайтын болса қастарында міндетті түрде мамандандырылған күзет ұйымдарының қызметкерлері жүреді. Міне, осындай әртүрлі салалар мен адамдарды күзетіп жүретін Күзетшілер қызметі ерекше дер едім. Осы түрлі Күзетшілер ұйымдарының қызметкерлерінің еңбектеріне орай 2017 жылы қабылданып, 2018 жылдан бастап 29 қазан күні тойланып келе жатқан Күзетшілер қызметкерлерінің күні ерекше мереке десек те болады. Осы күні Күзетшілерге жасаған қызметтері үшін түрлі марапаттар ұсынылып, мерекелік іс-шаралар жалғасын табады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу