27.03.2024
  30


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Адъютанттар

Сұр күзенді түлкі ертіп,
Кейде бірге жүреді.
Ін кездессе,
 Жылп етіп,
Күзен ішке кіреді.
Тышқандардың не бірін
Алқымынан сығады.
Ұстатпаған кейбірін
Сыртқа қуып шығады.
Түлкі сыймай тар інге,
Тыста аңдып тұрады.
Шыққанының бәрін де
Қалт жібермей қырады.
Бір-бірінен шошымай
Өстіп маңды шолады.
Бір-біріне осылай
Кейде адъютант болады.
Ал Күсептiң жұлқынған
Адъютанты тiптi көп.
Күсептi олар ұйқыдан
Оятады түрткiлеп.
Күсепке жұрт күледi,
Көрсең, сен де күлесiң.
Жүредi ол үнемi
Жумай беттiң сiрнесiн.
Жуынбайтын мүлде оның
Әдетiнiң сыры бар.
Тазартады кiр-қоңын
Адъютанты – шыбындар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу