27.03.2024
  31


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Ғажайып тiс

Күту үшiн тiстi әркiм
Қолға щетка алады.
Өзгешелеу тышқанның
Тiстi күту амалы.
Жатса алдында шашылып
Мүйiз,
сүйек,
қу шыбық,
Обырлана асығып
Кемiредi құлшынып.
Кемiредi шағырды
Құмардай-ақ ащыға.
Кемiредi кәдiмгi
Қожыр-қожыр тасты да
.
Ұясында дәндерi
Лықа толып тұрса да,
Кемiруге әрненi
Неге әуес мұншама
?
Тiсiн егеп шамалы,
Тұрмаса өстiп «дәрi iшiп»,
Тiстерi өсiп
,
Қалады
Жақ сүйегi қарысып.
Мұндай ғажап тiстерде
Не сыр бар деп дал болам.
Осы еске түскенде,
Күсепке де таңданам.
Оған таң боп тұрғаным:
Кете ме өсiп тiстерi
,
Кемiрмесе тырнағын,
Ас болмайды iшкенi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу