27.03.2024
  37


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Кiрпi мен Күсеп

Тұмсығында кiрпiнiң
Бiр тамшы су жүредi.
Иiстердiң түр-түрiн
Сол арқылы бiледi.
Шөптiң жақсы, жаманын
Айырмайды түсiнен.
Көтерiп ап танауын,
Айырады исiнен.
Тұрса алдында бұғынып
Не қас жауы, не жемi
,
Қарап жатпай үңiлiп,
Исiнен-ақ сезедi.
Күсеп өтсе,
Жұрт ымдап,
Қас керiп, көз тiгедi.
Мұрнында оның бiр тұрмақ
Қос тамшы су жүредi.
Қос тамшысы болса да
,
Түк сезбейдi мұрыны.
Сезбейтiнi соншама,
Жуылмайды шұлығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу