10.03.2024
  36


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі

Әр жыл сайын айналамызды нұрға бөлеп, жанымызды жандандырып келетін, табиғатым жаңаша бір күйге еніп, жеміс талдар бүршік ашып, ұйқыда жатқан тіршілік иелері ұйқысынан оянып, дүниеге жаңаша көзқараспен қарайтын сәт осы Наурыз, көктем мерекесі деп білемін. Біздің елде Наурыз мерекесін ерекше тойлап, думандатып өткізеді. Қаладағы наурыз бір ерекше концертпен өтетін болса ауылдағы наурыз ұлттық ойындар ойнатылу арқылы өтеді. Жалпы, ұйымдастырушылардың идеяларына қарай жоспарлар құрылып наурыз мерекесі жанымызға бір ерекше күй сыйлап өтетіні рас.
Қазіргі таңда наурыз мерекесі бұрынғыдай күшті өтпейді деп жататындар да жоқ емес, ия, бұрынғыдай өтпей жүрген жерлер де бар шығар, бірақ киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы өтіп жатқан наурызды көріп салт-дәстүріміздің әлі де күш, қуаты бар екенін сезінесің. Қазақ елі барда, қазақ жері барда, қазақ тілім барында біздің салт-дәстүріміз бен Наурыз жаңа жылымыз ұмытылмайды деп сенемін!
Таусылмасын әніміз бен жырымыз, Наурыз тойда байқалмай орын алмай мұңымыз. Наурыз тойы қуанышпен тербесін, болмай дәйім жанды ауыртар мұңымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу