22.02.2024
  202


Автор: Бодо Шефер

Ұстанымдар әрқашан көне

Егер бұл сөзім сізге тым қатқыл естілсе, онда бір-екі ескерт-пе жасауға рұқсат етіңіз. Біріншіден, бұл заңдылықтарды мен ойлап тапқам жоқ. Табиғат заңдары сияқты ол да бұрыннан бар. Біз қалаймыз ба, жоқ па, тіпті мойындағымыз келмесе де, олар өз ықпалын тигізбей қоймақ емес. Табыс пен байлық заңдылығын мен өз тіліме аударып, бір жүйеге түсірдім.


Екіншіден, бүкіл жолы болғыш адамдардың бәрі де осы заңдылықтарды басшылыққа алады. Жұрналшылар мен теле-тіл-шілер менен олардың әсерін дәлелдейтін мысалдарды атауды сұрайды. Мен әдетте оларға өзімнің кітаптарымды оқыған яки семинарларыма қатысқан адамдарды атаймын. Әйтсе де, сіздер ең жақсы мысалды да, дәлелді де мына кеңесімді тыңдасаңыз табасыз: жолы болған кісілерді, кісілердің тобын, ұйымды яки фирманы еске түсіріңіз. Олармен жақындасуға тырысыңыз, олардың жүріп өткен жолын қарастырыңыз, сонда сіз мысалды да, дәлелді де табасыз.


Бұл адамдар байлық заңын атап бере ала ма, ол маңызды емес. Олардың кейбіріне мен қолданған сөздер де, тіпті сөйлеу мәнерім де ұнамауы мүмкін. Бұл олардың хұқығы әрі бұл мейілінше қалыпты жәйт. Әдеби іспен айналысатын адамдар үшін сын өте қажет, сын садағына нысана етіп қойған оның өзі ғой. Бәлкім, біреулер бұл кітапта айтылған оқиғаларға селт етпес немесе ол заңдылықтарға мүлдем басқа мысалдар табар. Немесе мүлдем басқа мағналық реңк берер. Бұның бәрі бір ғана нәрсені дәлелдейді: біз бәріміз – әр басқа тұлғамыз, жетілуіміз де әртүрлі. Соған қарамастан, жолы болғыш кісілердің өмірі заңдылықтардың жан-жақтылығы мен мәңгілігін дәлелдейді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу