22.02.2024
  58


Автор: Бодо Шефер

Бағытыңды бүгін анықтау бәрінен маңыздырақ

 


 


Кираның оқиғасы әшейін бір қыздың басынан өткен жәйт емес. Кітапта негізінен «Қаржылық тәуелсіздікке даңғыл жол» кітабында жазылған табыс пен байлыққа жету заңдылықта-ры туралы айтылады. Бұл заңдылықтар – табысқа жетудің жан-жақты әрі мәңгілік аксиомасы. Жан-жақты делінетін себебі ол кезкелген қоғамда, кезкелген мәдениетте, кезкелген жағдайда қолданылады. Мәңгілік дегенде, мен оның қай кезде де өзгер-мейтінін айтамын.


Мұның маңыздылығы сонда, бізде өзгеріс деген барған сайын көбейіп, барған сайын тездігі үдей түсуде. Айналамыз-дағының бәрі күрделеніп, жылдамдап, жаңа өнімдер ескі өнім-дерді нарықтан ығыстыруда. Осындай кезеңде бізге мәңгілік заңдылықтар ұсынатын бағдарыңды жоғалтып алмау дейтін мәселе қай кездегіден де өткір көрініс береді. Аксиома дегенде, бұл заңдылықтарға дау жүрмек емес.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу