22.02.2024
  22


Автор: Бодо Шефер

Трумпф ханымның оралуы - 12 тарау

Трумпф ханым үйіне қайтып келетін күн де жетті. Мен оның оралуына қажет нәрсенің бәрін жасадым. Мен оны өткен-дегі оқиға туралы хабарлауға дайындағым келді. Онда екі поли-ция қызметкері де болды. Олар да оның келер күнін анықтап, кейбір тиісті шараларды орындау үшін кемпірді күтті.


Ол болған оқиға туралы естігенде, таңданарлықтай сабыр сақтада. Есікті бұзғандарын естігенде айтқаны мынау:


– Ақымақ балалар! Биржаға бармай ма. Ол жерден менікі-нен гөр көп ақша алар еді ғой.


Ол керемет әйел!


Полицейлер оған Марсель мен Моника үшеуіміздің көрсет-кен батылдығымыз туралы, тіпті асырыңқырап айтып берді және болған оқиғаны сипаттайтын газет мақаласын көрсетті. Содан кейін олар оған сандықтан алынған, полиция сейфінде сақталып тұрған қазынаның тізімін берді.


Трумпф ханым риза болып, маған шын жүректен алғыс айтты. Полиция кеткен соң, екеуіміз еркін сөйлестік.


– Неліктен сіз сонша көп ақша мен алтынды үйде ұстап, тәуекелге бардыңыз? – деп, білгім келген сауалды қойдым.


– Мұның көптеген себептері бар, – деп жауап берді кемпір. – Біріншіден, мен кейде олармен ойнағым келеді. Маған алтын мен қолма– қол ақша керемет            ұнайды. – Ол маған сынай қарады.


Мен ақшаны осылай жақсы көру қаншалық дұрыс екені-не сенімді емес едім. Және ол мұны ашық айтып отыр. Бірақ содан кейін мен Марсель екеуміздің сандықтағы байлықты көрііп, ақшаларды санап, құймаларды ұстаған кездегі сезімімізді есіме түсірдім. Неліктен Трумпф ханым сандықты ашқанда дәл сондай сезімді кешірмеске? Мен үнсіз тыңдадым.


 


– Екіншіден, бұл басқа қиындық түскенде жарататын қордың бір түрі. Қандай жағдай болмасын, сандықтағы ақшам бірнеше жыл өмір сүруге жеткілікті.


– Бұл қиын күндер үшін тым көп қой, – деп күлдім мен.


– Бұл адамның қанша ақшасы бар екеніне байланысты, – деп түсіндірді Трумпф ханым. – Үйде қаражатыңның бес-он пайызынан астамын ұстау ақымақтық болар еді.


Мен тіпті ақырын ысқырып жіберіппін. Сонда оның қанша ақшасы бар!


– Үшіншіден, менің ақшамның көп бөлігі акцияларға салынған. Бұл да белгілі дәрежеде тәуекел. Сондықтан белгілі бір соманы қолда ұстаудың мәнісі бар. Мен мұны саған толығы-рақ түсіндірейін.


Кемпір үй ішін реттеуге асықпайтын сияқты. Ол көбірек сөйлескісі келгендей.


– Бірақ олар қолды бола жаздады ғой, – деп есіме алдым.


– Егер олар шынымен ұрланса, өте өкінішті болар еді. Дегенмен, ұрылар ұзақ қуанбас еді, – деді ол сенімді түрде.


– Бірақ олар сіздің қазынаңызға ие болар еді, – деп таңырқадым.


– Түсіндіру қиын. Айталық: ақша тек оны ұстауға дайын адамда болады. Ал олар заңсыз келген болса, ол өзін ақшасыз кездегіден де нашар сезінеді.


– Мен бұны түсінбеймін, – дедім мен. – онда неге баукеспе-лер бұған барды?


Трумпф ханым бір сәт ойланды:


– Өйткені олар ақша көп болса, жағдайлары жақсарады деп ойлайды.


– Менің ата-анам да солай ойлайды, – дедім мен. – Олар ақша проблемасы жоғалса, өмір керемет болатынына сенімді.


– Демек, сіздің ата-анаңыз да басқалар сияқты қателеседі. Кім бақытты және толыққанды өмір сүргісі келсе, оны өзі өзгер-туі керек.


Ақшаның өзі мұны қамтамасыз етпейді. Олар ешкімді бақытты немесе бақытсыз етпейді. Олар жақсы да, жаман да емес. Ақша біреуге тиесілі болған кезде ғана иесіне жақсы немесе жаман әсер етеді. Және ол оларды жақсы немесе жаман мақсаттарға пайдаланады. Ақшасы бар бақытты адам одан да бақытты болады. Кез-келген нәрседен ақша проблемасын жасай-тын пессимист одан да көп қиындықтарға тап болады.


– Ал анам үнемі ақша мінезді бұзады дейді, – дедім мен.


– Ақша иесінің мінезін анықтайды, – деп түсіндірді Трумпф ханым. – Олар үлкейткіш әйнек сияқты. Ақша бізге өзімізді күштірек көрсетуге көмектеседі. Жақсы адам өз ақшасының көмегімен көптеген игі істер жасайды. Ал баукеспелер оларды әшейін рәсуә қылуы мүмкін.


Мен Трумпф ханымның сөздері туралы ойладым. Ақша маған көмектесті. Мен ата-анам мен Марсельді мойындаттым, банктегі кассир ханым Хайненмен, Голдштерн мырзамен және Ханенкамп отбасымен таныстым. Мен өзімді құрметтей баста-дым. Мен қызықты адамдармен сөйлесуге мүмкіндік алдым. Менің өмірім әлдеқайда қызықты болды. Мен көп нәрсе тура-лы ойлана бастадым. Жалпы, мен бақытты әрі өзіме сенімді болдым.


Трумпф ханым менің ойымды оқығандай болды:


– Ақша көп жағынан көмектесе алады, тіпті бүкіл өміріңді өзгерте алады, оны жоғары деңгейге көтереді. Олар өмірдің барлық басқа салаларын қолдайды. Ақшамен арманның орын-далуына қол жеткізу және мақсаттарыңызға жету оңайырақ. Бірақ бұл жақсы да, жаман да мақсаттарға қатысты.


Мен ақша маған көмектесті деп шештім, өйткені менің мақсаттарым да жақсы болды. Енді ғана мен Манидің басынан бастап өз мақсаттарымды дәл анықтауды талап еткенін түсіндім. Енді мен ақша менің мінезімді бұзбайтынына сенімді болдым.


Менің аяқ жағыма келіп жайғасқан Маниге ризашылықпен қарадым.


Ал кемпір жаңағы әңгімеге оралды:


– Сонымен, мен қолма-қол ақшамның бір бөлігін сандықта ұстаймын. Екінші бөлігі банк сейфінде жатыр. Сондықтан ұрлық маған үлкен қиындықтар туғызбас еді.


Кенет ол:


– Барлығыңа алғыс айтқым келеді. Мен былай жасайыншы деп ұйғардым: сенің бүкіл өміріңе әсер еткім келеді. Сондықтан сен және достарың қосылып, менімен бірге инвестициялық клуб құруды ұсынамын.


– Не құруды? – мен түсінбедім.


– Біз бәріміз бірігіп ақша саламыз – бұл инвестиция деп аталады. Әрқайсың айына жиырма бес еуродан ортақ қазанға үлес қосасың және бұл ақшаны бірлесіп инвестициялаймыз.


Мен қатты қуандым:


– Сіз бізге тауықтарымыздан алтын жұмыртқаны қалай алуға болатынын көрсетесіз ғой! – мен айқайлап жібердім.


Енді Трумпф ханым абдырады. Сондықтан мен оған алтын жұмыртқа туатын тауық туралы ертегіні айтып бердім. Ертегі кемпірге үлкен әсер қалдырды.


– Бұл оқиға менің не істеп жатқанымды өте дәл сипаттайды, – деп қуанды ол. – Рас, мен оны үйренген кезде маған қиын болды. Сен ақшамен дұрыс жұмыс істеуді ерте үйрене бастаға-ның үшін қандай бақытты екеніңді де білмейсің.


Оның сөздері өзімді қайтадан мақтан тұтуға мәжбүр етті. Қалғып жатып, шолақ құйрығын ақырын бұлғаңдатқан Маниге қарадым және ертең таңертең Трумпф ханымның жаңағы мақтауын сәттілік журналына жазып қояйын деп шештім. Жалпы, мен күні бойы өзімнің барлық жетістіктерімді еске түсіріп жүргенімді байқадым. Егер бұрын мен ойым неге іске аспай қалды дегенді ойласам, қазір әуелі не істеу керек екені-не әлдеқайда көп көңіл бөлем. Мен сәтсіздіктер үшін жазғыру-дың орнына мәселені шешудің жолдарын іздей бастадым.


Мен Трумпф ханымның инвестициялық клубтар туралы әңгімесін тездетіп тыңдағым келеді, бірақ ол асықпай, мұны үшеуімізге бірге түсіндіргісі келді. Мен Марсель мен Моника-мен кездесу туралы келіссөздер жүргізуге уәде бердім, онда біз Трумпф ханыммен бірге инвестициялық клубымызды құрамыз. Қайтар кезімде ол маған жетпіс еуро берді. Бианкаға жасаған қамқорлығым үшін әр күнге бес еуродан. Мен бұл ақшаның жартысын «алтын тауық» шотына салу үшін дереу Маниді ертіп


банкке жүгірдім.


Біз банк ғимаратына әрең кірдік, Хайнен ханым мені қарсы алды. Ол біз туралы газеттен оқып, мені құттықтап, мені қалай мақтан тұтатынын айтқысы келді. Ол түскі үзіліске шығыпты, мені бір стақан лимонад ішуге шақырды. Мен шын ықыласыммен келісіп, қасына ілестім.


– Сенің ұпайың өте жақсы өсті, – деп ол мені мақұлдады. – Маған сенің ақшаңды ақылмен басқарғаның ұнайды. Сен, әрине, ересектерге қарағанда аз ақша табасың. Бірақ сен көп адамға қарағанда әлдеқайда көп үнемдейсің.


Мен риза көңілмен аздап қызарып кеттім. Ақжарқын кассир бір сәтке ойланып қалды:


– Ал сен банкке салмайтын ақшаны не істейсің?


– Мен оларды бес бөлікке бөлемін. Бір бөлігі күнделікті майда шығындарыма, ал екі бөлігі арман құтыларыма салынады. Әйтпесе, мен Сан-Францискоға бара алмаймын, компьютер де сатып ала алмаймын.


Хайнен ханым риза болды:


– Сенің жүйең мен ойлағаннан да ақылға қонымды. Бір минут күте тұршы, менің қоңырау шалуым керек.


Қайтып келе жатқанда, ол өзгеше жадырап, жұмбақтау кейіппен:


– Кира, менің ойымша, сенің жүйең туралы барлық бала-лар білуі керек. Бұл олардың өмірін өте жеңілдетеді және безен-діреді. Мен сенің жүйең жөнінде мүмкіндігінше көп бала білуі керегін ойладым. Менің балаларым оқитын мектепте ата- аналар кеңесінің мүшесімін. Бірнеше күннен кейін барлық оқушы-лар мен олардың ата-аналары үшін үлкен шара өтеді. Бұл сенің жүйең туралы айту үшін дұрыс сәт. Мен бұл туралы мектеп директорына қоңырау шалдым. Ол келісті.


Мен Хайнен ханымға абдырай қарадым.


«Сен олардың алдында сөйлеуің керек», – деп түсіндірді ол. Мен залда толып отырған адамдар алдында баяндама жасауым керек деген ойдан тұла бойым ду ете түсті. Құлақтарым ысып, жүрегім өрепкіді.


– Жоқ, болмайды! – мен қорқыныштан өліп қалармын. – Хайнен ханым күлді. – Сонан соң, мен тіпті не айтарымды да білмеймін ғой.


Бірақ оны ойға алған ниетінен қайтару оңай емес еді. Ол ойлана терезеге қарап тұрып:


– Көрдің бе, – деді ол біраз уақыттан кейін, – менің жұмы-сымның арқасында адамдар өз ақшаларын қалай жұмсауды үйренеді. Оны көбіне өздері айтады. Егер мен адамдардың ақшаны пайдалануды үйренбеуінің кесірінен қаншама қайғы-қасірет туындайтынын айтсам, сенбессің. Әрине, ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе емес. Бірақ егер олар үнемі жетіспейтін болса, олар өте маңызды мәселеге айналады. Олардың жетіспеушілігі-нен өмірдің барлық басқа салалары да зардап шегеді. Адамдар ауырады,      шаршайды және ешкімге қажет болмай қалады, жақындарымен байланысы бұзылады. Оларға ақшаны көмек-шіге қалай оңай айналдыруға болатынын үйрететін ешкім жоқ. Қазірдің өзінде мектепте ақшамен жұмыс істеу мәселесі жеке пән ретінде оқытылуы керек, – Хайнен ханым күрсінді, – бірақ мұндай пән жоқ. Сондықтан сенің жүйең саған ғана емес, өзге-ге де көмектесуі өте маңызды.


Осы сөздерден кейін мен жеңілдеп қалдым. Мен өзім ақша-мен жаңа тәсілмен айналыса бастағаннан бері менің өмірімнің қаншалықты қызықты болғанын көрдім. Дегенмен, мен ешқа-шан сөз сөйлей алмайтыныма сенімді едім.


– Мен бір сөз айта алмаймын, – дедім мен үмітсіздікпен.


– Ал саған мына ұсыныс ұнай ма: сен екеуміз сахнаға бірге шығамыз. Мен саған сұрақ қоямын, сен оларға жауап бересің. Сен тек өзің бастан өткерген нәрселер туралы айтуың керек. Егер сен кенет жаңылып қалсаң, мен сөзге араласып, көмектесе аламын.


Мен әлі де күмәндандым:


– Неге мұның бәрін өзіңіз айтпасқа? Сіз банкте жұмыс істе-ген соң, ақша жөнініде жақсы білесіз.


– Себебі сенің әңгімең әлдеқайда әсерлі болады, – деп жауап берді Хайнен ханым. – Менің әңгімемді балалар банк қызметкерінің ескірген ескі әңгімесі ретінде қабылдайды. Ал сенің орныңа олар өздерін оңай қоя алады. Сен барлық бала-лар жасай алатын нәрсені жасайсың.


– Дегенмен, бұл менің қолымнан келмейтін шығар, – дедім мен.


– Сен бұл туралы әлі де ойласаң, мен өте қуанышты болар едім. Ешкім сені өзің қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлей алмайды. Тек сен өзің өзіңді мәжбүрлей аласың.


Мен қоштасып, банктен кетіп қалдым, Хайнен ханымның айтқандары, әсіресе, соңғы сөзі туралы ойладым. «Сен өзіңді өзің ғана мәжбүрлей аласың». Бірақ мен неге өзімді мәжбүр-леуім керек?


Ханенкамптардың үйіне жақындаған кезде, мен әлі де ойдан          арыла алмағам. Мен Наполеонды серуендетуге әке-тейін дегем. Бірақ оның аяғы қабынып, емдеуді қажет етеді екен. Ханенкамп мырза маған өз әйелі пісірген пирог берді. Пирог-тың иісі аңқып тұр. Мен үш кесегін жедім, бірақ сөйлегем жоқ.


– Бүгін сен неге үнсізсің, – деді қария. – Бірдеңе болды ма? Мен Хайнен ханымның ұсынысы мен өзімнің жүрексі-


нетінім туралы айттым.


– Ал мен сенің орныңда келісер едім, – деді Ханенкамп мырза.


– Бірақ сіз үнемі тек өзіңізге ұнайтын нәрсені ғана жасай-тыныңызды айтушы едіңіз ғой.


– Міне, гәп сонда, – деп жауап берді ол. – Мен суретке түсіруге құмар болдым. Сондықтан оқуды тастап, он үш жыл бойы әлемді шарладым. Бұл керемет уақыт болды. Бірақ көп ақша таба алғам жоқ. Содан кейін мен кәсіпкер ретінде қолым-нан бірдеме келер ме екен деп, өз фотостудиямды аштым. Бірнеше жылдан кейін мен оны тиімді саттым да, Кариб теңізі-нен шағын қонақ үй сатып алдым. Еуропаға оралғаннан кейін мен жылжымайтын мүлік саудасымен айналыстым – әрі тиімді жұмыс жасай алдым. Тек бір нәрсені – ақшаны жақсы орналас-тыруды білмедім. Бірақ бұны менің әйелім жасай алады және бұл жұмысты жақсы көреді.


Бұл адам қанша шаруа жасап үлгерген. Ол өте қызықты өмір сүрген шығар.


– Бірақ бұл сіздің сөздеріңізді тағы растайды ғой: сіз әрқа-шан өзіңіз қалаған нәрсемен айналыстыңыз.


– Иә, қалаған нәрсеммен, – деп келісті ол. – Бірақ әр-дайым бұл тілек пен қорқыныш қатар жүрді. Әйтпесе, маған оқуды тастап, үйден кету оңай болды деп ойлайсың ба? Тіпті қорқыныштан ішім де ауырды. Содан кейін мен бизнес әлемін-де өзімді сынап көруден қорықтым – оның қатаң ережелерінен. – Ол маған тесіле қарады:


– Өмірімдегі ең үлкен жетістіктерге мен қорқатын нәрсені жасау арқылы қол жеткіздім...


Мен оған сенімсіздікпен қарадым. Тек жағымды нәрсені жасау әлдеқайда жағымды және ең бастысы әлдеқайда жеңіл болады.


– Әйеліме қарашы, – деп жалғастырды қария. – Жас кезінде ол өте әдемі болды. Мен ешқашан тартымды көрінген емеспін. Мен оны алғаш рет пойызда көрдім және бірден ғашық болдым. Егер мен онымен дәл қазір сөйлеспесем, онда біз енді қайтып кездеспейтінімізді түсіндім. Вагон іші толы еді, біз бір-бірімізге қарама-қарсы отырғанбыз. Бәлкім, мен онымен сөйлесуді көпте-ген адамдардың көз алдында бастағаннан қиын қорқынышты бұрын сезінбеген шығармын. Келесі станцияда мен шығуым керек еді, ал тоқтауға аз уақыт қалды. Мен өле жаздадым: егер ол мені қабылдамаса ше! Айналада көп кісі отыр, сондықтан ұят! Бірақ мен шешім қабылдадым. Сол үшін қалай марапатталға-нымды көрмейсің бе! Ол менің өмірімдегі ең үлкен құндылық.


Ол әйелінің қолын еркелете сипады. Ал Ханенкамп ханым қосып қойды:


– Біз өзімізге ең қымбат сыйлықтар жасаймыз. Әлем сәтсіздік қорқынышын жеңетін адамға барлық есіктерді ашады.


Олардыкі дұрыс болған шығар, бірақ менің іш жағымда бір жағымсыз сезім қайта-қайта пайда бола берді: айналаңдағы сені тыңдап отырған сонша көп адамды елестету...


Ханенкамп мырза:


– Кира, сен өзіңді мүлде қорықпаймын деп елестетіп көрші. Тіпті бір мысқал қобалжымаймын де. Бұл жағдайда сен өз басыңнан өткенді айтқың келе ме? Сенің әңгімең саған ләззат сыйлай ма?


Мен соңғы кездері алтын жұмыртқа салатын тауық туралы ертегіні қаншалықты жиі айтқаным есімде. Бұл маған әрқашан қуаныш сыйлайтын. Сондықтан мен жауап бердім:


– Мені бір-екі адам тыңдағанда, мен шынымды жайып салғанды ұнатамын.


– Демек, сен жасай алатын нәрсені ғана жасауың керек. Кім екі кісімен сөйлесе алса, екі жүзбен де сөйлесе алады. Тек сенің қорқынышың ғана өзіңе ұнайтын нәрсені жасауға кедергі келтіреді, – деді Ханенкамп мырза сенімді түрде.


 


– Бірақ сен бұл қорқынышты жеңген жағдайда ғана өсесің. Мен Трумпф ханымның жертөлесіне кіруден қорыққаным-


ды есіме түсірдім. Содан кейін бәрі артта қалғанда мен қалай мақтанып едім. Бірақ бұл маған қазір қорқыныштан арылуға көмектесер емес.


– Өмір кейде өте қиын, – деп күрсіндім.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу