Өлеңдер ✍️

  11.02.2024
  56


Автор: БАУБЕК БЕРДІЖАР

ЖАНҚОЖА БАТЫР

 


 


Үкілеп жанын найзаға түйреп тағдырын,


Елемей аққан маңдайда бұршақ жаңбырын.


Сол қайсар жүрек езіліп елдің бағына,


Шайқаста нұрсыз өткізген жастық сан күнін.


Күндері бейбіт,


Таңдарда үміт күлсін деп,


Келешек қазақ,


Тау мінез рухта жүрсін деп,


Садаққа іліп жапырақ жанын құрбан қып,


Күрсінген күндей өтті ғой өмір күркүреп.


Жанқожа бабам,


Тарихты мысқыл түлеткен.


Алты алаш елің,


Рухыңды қайнар жыр еткен.


Ақ қанат абыз,


Ақиқат сырын жеткізді.


Тәуелсіз елдің


Аңызды бүрін гүлдеткен.


Қабағын шайнап,


Бөрілер жортқан жерімнен.


Алты қат кесір,


Айналып шықпай елімнен.


Тұрғанда күдік басым боп үміт еркінен,


Ерлігі көзсіз,


Тәңірден сыйдай берілген.


Сол күнді бүгін ойлай ма қалың Қазағым?!...


Ақ саусақ болған арманы кәсіп жас ағым.


Болса да не бір,


Жанқожа батыр ұлы бар,


Бақ соры қалың,


Мәңгіге халқым жасағын!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Пікір жазу