05.02.2024
  67


Автор: Нан күні

Ас атасы — нан

«Ас атасы — нан» деп қазақ халқы бекерден бекер айтпаса керек-ті. Елмен көрген ұлы той, — деген нақылға қарасақ, еліміз тыныш болсын, не болса да елмен бірге көрейік дегенге саяды. Сондықтан да, қазағым қандай тілек жазса да, еліміз аман болсын, еліміздің қарны тоқ болсын, нан көп болсын, бидай көп болып, молынан бітік болсын деп жатады. Өйткені, бидай бар болса ұн бар, ұн бар жерде нан бар. Нан бар жерде ән де бар, солай емес пе?
Нанға деген құрметі зор болған қазақ халқы нанның қиқымын шашпай, жинап-теріп отырған.
16 қазан — Елімізде арнайы «Нан күні» болып мерекелік күндердің қатарына енген. Дәл осы күні әлем бойынша «Нан күні» аталып бұл мерекені тиісінше жоғары деңгейде өткізіп отырған. Нанның түрлерін жасаудан түрлі байқаулар ұйымдастырылып, мұқтаждарға нан үлестіретін болған. Осындай үрдіс Қазақ жерінде де жалғасын тапса, нан жасаудан түрлі байқаулар ұйымдастырылып, нанды мұқтаж жандарға таратып отырса мұның өзі үлкен сауап болатын еді. Солай емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу