04.02.2024
  25


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы


 


Мақсаты: ІV тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.


 


Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. «Болашақ» халықаралық стипендиясына қандай талапкерлер қатыса алады? Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты не?                                Шетелде оқу қалай жүзеге асады?                                                                                               Білім деңгейі не арқылы анықталады?

  2. Республикамыздағы ең ірі жоғары оқу орны қалай аталады?

  3. Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құраңыздар. Журналистика, әлем, қоғам, ерекше, айнасы ол. Керек, ақжарқын, табандылық, тілші, үшін, болу, мақсаттылық, әрі, білу, болу, тіл, табыса, керек.

  4. Ғылым, білім туралы 3-5 мақал-мәтел жазыңыздар.

  5. Досыңмен жоғары оқу орнын таңдау туралы диалог құрастырыңыздар.


Грамматикалық тапсырмалар:


 



  1. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.


 



  1. туған, Әбу Насыр әл-Фараби, қаласында, Отырар. 2. қалдырды, ол, жазып, іргелі, еңбектер. 3. шебер, әл-Фараби, музыкалық, аспаптарда, орындаушы, болды.


 



  1. Термин сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.

  2. «Ойлау», «Зерттеу» етістігін 4 райға қойып жіктеңіздер.

  3. Сөздерді орнына қойып, сөйлемді дұрыс құрастырыңыздар.


Әлемдік, әрқашанда, хабардар, ақпараттан.                                                                             Көтеру, жүйесінің, қабілеттерін, білім, беру.                                                                Бағалайды, білім, университеттің, беру, жүйесін, жоғары.                                         Сұраным, университет, мол, түлектеріне.



  1. Қысқарған сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу